Page 222 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

222
сұрағыңмен олар қайшылыққа келуге қабілетсіз екендігін мойындайды дей аламын.
Бірақ іс жүзінде ол қалай болатынын қарастыруға тұрарлық: өйткені философияға
білім алу үшін емес, әдетте жас шағында оны қалап, кейін тастап кеткендер емес,
керісінше, оған көп уақытын жіберген адамдар көпшілік жағдайда өте бір түрлі қызық
болып кетеді және олардың ең күштілері сен мақтаған сабақтардың әсерінен бәрібір
мемлекет үшін пайдасыз болып қалады.
Адимантты тыңдап болып, мен былай дедім:
Сонымен, сенінде, олай дегендер қателесе ме?
Білмеймін, бірақ мен сенің пікіріңді ғанибетпен тыңдар едім.
Менің ойымша, сен олардың нағыз шындықты айтатынын естір едің.
Сонда ол біз қазір ғана түкке тұрғысыз еткен философтар басқармай, мемлекет
бәледен құтыла алмайды деген сөздермен қалай келіседі?
Сенің сұрағың теңестірудің көмегімен берілетін жауапты қажет етеді.
Ал сен, теңестірулерге үйреншіктенбеген сияқтысың.
Мейлі, солай болсын. Сен мені қиын пайымдауға шақырдың, сонымен қоймай және
де қалжыңдайсың! Мен үшін теңестірудің қаншалықты қиын екеніне көзің жетуі үшін,
сен алдымен оны тыңдап ал.
Мемлекетке қатысты ең парасатты адамдардың жағдайы соншалықты қиын, тіпті
одан жаман ештеңе жоқ. Сондықтан теңестіруге оларды қорғау үшін және
суретшілердің ешкіге ұқсас бұғылардың суретін салғаны сияқты біраз қасиеттерді бір-
бірімен біріктіру қажет болады. Сонымен, бір немесе бірнеше кеменің жүргізушісі
болуға мәжбүр болған адамды елестетші. Кеме жүргізушісі бойы жағынан да, күші
жағынан да кемеде барлығынан асып түседі, бірақ ол саңыраулау, сонымен қатар ол
алыстағыны көрмейді және теңізшілікте көп ешнәрсе білмейді, ал теңізшілер арасында
кемені басқаруда алдына жан салмайды: тіпті ол бұл өнерге ешқашан үйренбесе де,
ұстазын көрсете алмаса да және оны қай уақытта үйренгенін айта алмаса да,
қалғандары кемені сол басқаруы керек деп есептейді. Сонымен қатар олар, оған
үйренудің ешбір қажеті де жоқ деп есептейді, оны оқып-үйрену керек деген адамды
олар жұлып тастауға даяр екендерін айтады. Олар кеме жүргізушіні өтініштерімен
қоршап алып, рульді беруді сұрайды. Біреулер мүлдем тыңдамайды, сонда аналар
оларды өлтіріп, борттың сыртына лақтырады. Мандрагораның, шараптың немесе тағы
да басқа нәрсенің көмегімен парасатты кеме жүргізушісін жеңіп, олар кемеде билікті
қолдарына алады, ондағы бар нәрселердің барлығын қолға түсіріп, тойлап, әрине,
кеменің сондай адамдарға сай бағытын өзгертеді. Сонымен бірге олар билікті тартып
алуға қабілетті адамды білгір теңізші, кормчий деп атайды немесе кормчийді
көндіреді, ал егер ол көнбесе, оны түкке тұрғысыз еді, боқтайды. Басқа біреулердің
ниетінен, талабынан тыс кемені басқаруға шынымен ниет білдірген, бос мезгілдерін,
аспан, жұлдыздарды, желдің бағытын, оның өнеріне қатысы бардың барлығын ескеріп
білетін нағыз кеме жүргізуші туралы олар ештеңе білмейді де. Олар сондай іскерлікті,
тәжірибелікті, сонымен бірге билікті бойға жинау мүмкін емес деп ойлайды.
Сонымен, осындай нәрселер кемеде кездесетін болса, теңізшілер нағыз бөспе және
түкке тұрғысыз деп шын мәнінде басқаруға қабілетті адамды атайды деп ойлайсың ба?
Әрине,— деп жауап берді Адимант.
Сен осындай суреттемені көре отырып, осының мемлекеттердегі нағыз
философтарға қатынасы мен қандай ұқсастықта екендігін талдауды қажет етеді деп
ойлаймын,— сен менің не туралы айтып отырғанымды түсінген боларсың.
Түсіндім.