Page 221 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

221
Сонда ол не?
Ол танымға қабілетті ме, қабілетсіз бе? Сен адам кезі келгенде өзін қиналдырған
және әрең қол жеткізген нәрсені сүюі мүмкін деп сенесің бе?
Олай болуы мүмкін емес шығар.
Енді ше? Егер ол оқығандарын басында сақтай алмаса, ұмытшақ болса, білімге
келгенде қуыс болмауы мүмкін бе?
Басқаша болуы мүмкін емес!
Бостан босқа еңбектеніп, сеніңше, ақырында өз-өзін де, ондай сабақты да, жек
көріп кетуі мүмкін бе?
Әрине, жек көріп кетеді.
Яғни, ұмытшақ жанды біз ешуақытта философиялық жанға жатқызбаймыз және
еске сақтау қабілеті жақсыны іздейміз.
Ол сөзсіз.
Философтың табиғаты ақылдың туа біткен нәзіктігімен және үйлестікпен
ерекшеленеді
Біз Музаларға жат және сыйқынсыз жан үйлестіліктен басқа бірдеңеге құмар бола
алады деп айта аламыз ба?
Болса ше?
Сеніңше, не, ақиқат үйлестілікке жақын ба, әлде үйлессіздікке ме?
Үйлестілікке.
Яғни, адамға басқа нәрселерден өзге, үйлестіліктен басқа бүкіл мән идеясын
қабылдауға мүмкіндік беретін туа біткен нәзік ақыл да керек.
Иә, әрине.
Сонымен, сеніңше, жанға әрқайсысы бір-бірінен туатын, болмысты толық және
жеткілікті түрде танып-білуге қажетті қасиеттерді талдаған жоқпыз ба?
Иә, олар жан үшін өте қажет.
Философқа идеалды мемлекеттің негізгі төрт қайырымдылығы сай
Егер ол табиғатынан есте сақтау қабілеті жақсы, танып-білуге қабілетті, кеңпейілді,
нәзік, сонымен қатар ақиқаттың, әділеттіліктің, ер жүректіліктің және парасаттың досы
және жақтасы болмай тұрып, ондай ешкім істей алмайтын істі сөгуге сенің негізің бар
ма?
Тіпті Момның өзі де бұл жерде неге мін тағарын білмес еді.
Сен білімде жетілген кемеліне келген адамдарға ғана мемлекетті тапсырмас па
едің?
Осы жерде әңгімеге Адимант араласты:
Осыған қарсы, Сократ, саған қарсы сөйлейтін ешкім табылмас. Бірақ, әр кез сен
қазіргідей пайымдаған кезде, сенің тыңдаушыларың шамамен мынаны сезінеді: сұрақ
қоюға және оған жауап беруге әдеттенбегендіктен олар сенің әр сұрағың төңірегінде
пайымдау оларды біраз басқа жаққа алып кетеді деп ойлайды, бірақ осы "біраз"
біріккен кезде алғашқы пайымдаудан ауытқу және қарама-қайшылық байқалады.
Дойбы ойынындағы сияқты күшті ойыншы ең соңында тәжірибесіз адамның жолын
жауып, сол кезде оның қайда барарын білмей қалатыны сияқты, сенің тыңдаушыларың
да ақырында тұйыққа тіреледі және дойбының орнына сөз қолданылатын бұл ойынның
түрінде олардың айтар сөзі болмай қалады. Ал шындығына келгенде іс онымен
шешілмейді. Мен, біздегі жағдайды ескере отырып: қазір кез-келгені сенің әр қойған