220
Шыншылдық, қандай да болмасын жалғандыққа шыдамау, оған деген жек көрініш
және ақиқатқа деген махаббат.
Әрине, оларда бұндай қасиеттер болуы керек.
Жай болып қана қоймай, достым, кез келген адам барлық жағынан, егер ол өзінің
табиғатына сай құмарлыққа берілген болса, ол өзінің махаббатына жақын нәрсенің
бәрін бағалай біледі.
Дұрыс.
Ал сен ақиқаттан басқа даналыққа жақын нәрсені таба аласың ба?
Яғни, ол қалай?
Бір адам даналықты да, жалғандықты да сүюі мүмкін бе?
Мүмкін емес.
Яғни, кім, шын мәнінде білімге құмар болса, жастайынан барлық күш-қуатымен
ақиқатқа талпынуы қажет пе?
Иә, бұл талпыныс барынша жетілген болуы керек.
Бірақ оның құмарлықтары күрт бір нәрсеге ауса, олар басқа жаққа қарай бұрылған
ағын су тәрізді, басқаға байланысты әлсірейтінін біз білеміз.
Онда ше?
Менің ойымша, егер олар білім алуға және соған ұқсас нәрселерге қарай
бағытталса, адамның жанына ләззат әкеледі, егер ол жалған емес, нағыз философ
болса, оның тәнінің ләззәті жоғалады.
Иә, бұл сөзсіз.
Ондай адам парасатты және ешқандай пайдакүнем емес — ақшаның соңына
түсетін нәрсе үшін шығындану кімге болса да жарасар, тек оған жараспайды
Ол солай.
Сен философиялық мінезді философиялық емес мінезден ажыратқың келген кезде,
мынаған көңіл аударуың керек...
Дәлірек айтсақ, ол не?
Сенен оның бейімділіктері қаншалықты жасырылып қалғанымен: ұсақшылдық —
құдайлылық пен адамдықтың тұтастырына мәні талпынуға тырысатын жанның ең
қатыгез жауы.
Нағыз шындық.
Философиялық жанның негізгі қасиеті — болмыс пен уақыт тұтастығын оймен
қамту
Егер оған болмыс пен уақыттың тұтастығына ой жүгіртіп қамту және жоғарғы
дәрежелі ниет сай болса, сен ондай адамға адамның өмірі маңызды деп ойлайсың ба?
Жоқ, ол мүмкін емес.
Яғни, ондай адам өлімді де сондай жаман нәрсе деп есептемей ме?
Солай.
Ал жасқаншақ және тексіз жанға нағыз философия қол болмас.
Меніңше, олай емес.
Қалай? Парасатты, пайдакүнем емес, сонымен қатар бекзат, мақтаншақ емес,
жасқаншақ емес адам әділетсіз және сыйымсыз бола ала ма?
Ол мүмкін емес.
Кез-келген адамның жаны философиялық па, жоқ па, соны қарастыра отырып, сен
бірден, оның жас кезінде-ақ әділетті ме, момын ба немесе қарым-қатынас жасауға
қиын және жабайы ма, соны байқайтының сондықтан екен ғой.
Әрине, байқаймын.
Менің ойымша, сонымен бірге сен мынаны естен шығармайсың...