Page 22 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

22
Сократ, сен ояндың ба, әлде ұйықтап жатырмысың?— деп сұрады.
Ал мен оны дауысынан таныдым да:
Бұл Гиппократ. Әлдебір жаңалық әкелдің бе? — дедім.
Әкелдім, — деп жауап берді ол, — бірақ тек қана жақсы жаңалық.
Ендеше, мақұл. Бірақ сол үшін өзің тым ерте келетіндей, ол қандай жаңалық?
Гиппократ жақынырақ келіп:
Протагор келді,— деді.
Алдыңғы күні келген болатын,— дедім мен,— ал сен енді ғана естіп білдің бе?
Құдайлармен ант етейін, кеше кешке ғана естіп білдім,— Осы сөздерді айтты да,
кереуетті сипалаған Гиппократ менің аяқ жағыма келіп отырды. — Иә, кеше ғана, өте
кеш естіп білдім, сол кезде мен Эноядан келген едім. Қызметшім Сатир менен қашып
кетті ғой. Соны қуып барғым келетіндігін саған айтайын деп едім, ұмытып кетіппін.
Ашуым тарқап, сабама түсіп, біз кешкі асты ішіп болып, енді жата бергенімізде кенет
інім маған Протагордың келгендігін айтты. Мен дереу саған барайын деп едім, бірақ
маған түн ортасы болып қалған сияқты болды; шаршап келіп, қатты ұйықтап кетіппін,
ұйқым қана сала орнымнан тұрдым да, осында келдім.
Оның өжет әрі қызба екендігін білетін мен:
Мұның саған не қажеті бар, Протагор сені ренжітіп көрген жоқ па? — дедім.
Жымия күліп, ол былай деп жауап қайтарды:
Иә, Сократ, құдайлармен ант етейін, ол өзі дана болып, мені дана етпегенімен
Ал мен Зевспен ант етемін, егер ақша беріп, оны көндіретін болсаң, ол сені де дана
жасайды.
Иә, егер іс осыған тіреліп тұрса,— деді Гиппократ,— Зевс те, барлық құдайлар да
куә — мен өзімде де, достарымда да ештеңе қалдырмаған болар едім. Сен онымен мен
туралы сөйлессін деп мен енді саған келіп тұрмын. Мен әрі жасырақпын, әрі оның
үстіне Протагорды ешқашан көргем жоқ, оның сөзін естігем де жоқ, өйткені ол алғаш
рет мұнда келген кезде әлі бала болатынмын. Сократ, жұрттың бәрі керемет мақтап,
оны аса үлкен сөз шебері деседі. Оны үйінен табу үшін біз оған неге бармаймыз? Ол
Каллийдің, Гиппониктің ұлы үйіне түсіпті деп естідім. Жүр, барайық!
Ал мен былай дедім:
Барамыз, бірақ, қымбаттым, қазір емес,— әлі ерте; орнымыздан тұрамыз, аулаға
шығамыз, серуендеп, әңгімелесіп біраз жүреміз де, таң ағарып атқан кезде барамыз.
Протагор уақытының көбін үйде өткізеді, ендеше саспа? Біз оны жолықтырмай
қоймаймыз.
Осылай дедік те, біз орнымыздан тұрып, аулада ерсілі-қарсылы жүре бастадық.
Гиппократтың шыдамдылығын сынау үшін мен оған зер салып қарадым да, былай деп
сұрадым:
Айтшы, Гиппократ, міне, сен енді Протагорға барайын деп тұрсың, оған өзің үшін
ақша төлемексің, ал, шынын айтқанда, ол саған не үшін керек, сенің кім болғың