Page 21 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

21
жеткізіп жүрсеңіздер екен. Егер осылай істейтін болсаңыздар, онда маған да, ұлдарыма да
жасаған шын қызметтеріңіз болады".
Енді бұл жерден кететін де уақыт келді, маған — өлуге, ал сіздерге тіршілік етуге, ал
олардың қайсысының игілік екендігін құдайдан басқа ешкім де білмейді.
ПЛАТОН. Апология Сократа // Сочинения в трех томах. Т-1.
М.: Изд-во "Социально-экономическая литература", 1968, с. 81-112.
ПЛАТОН
ПРОТАГОР
Сократ және оның досы
Кіріспе
Дос. Сен қайдан жүрсің, Сократ? Айтпақшы, онсыз да түсінікті: Алкивиадтың сұлулығын
аулап жүрсің! Мен жуырда көргенімде, ол енді еркек — тамаша болғанымен, әйтсе де
еркек, болып көрінді: өзіңе сыр бүкпей айтар болсам, Сократ, оның енді сақалы да
қылтиып қалған екен.
Сократ. Сен мұныңмен не айтқалы отырсың? Жастық шақтың ең сүйкімді кезі — мұрттың
алғаш тебіндей бастаған кезі деген Гомердің пікірімен, ал Алкивиад сол кезге енді жетті,
сен келіспейтін бе едің?
Дос. Ендігі сенің жағдайың қалай? Сен содан келе жатырсың ба? Жас жігіт өзіңе қалай
қарайды?
Сократ. Меніңше, әсіресе бүгін жақсы қараған сияқты; өзі осы жолы мені жақтап көп
сөйледі және маған қатты көмектесті. Мен қазір тура соның өзінен келе жатырмын.
Алайда саған адам нанғысыз бір нәрсе айтқым келеді: ол бар жерде мен оған соншалықты
назар аудармадым, ал жиі-жиі мен оны ұмытып та кете бердім.
Дос. Сендердің араларыңда кесе-көлденең тұрған бұл қандай үлкен кедергі екен? Сен
біздің қаламызда одан да гөрі сұлуырақ біреуді тапқансың ба?
Сократ. Және де әлдеқайда сұлуырақ.
Дос. Сен не айтып тұрсың? Осы жердікі ме, әлде басқа жақтық па?
Сократ. Жатжерлік.
Дос. Ол қайдан?
Сократ. Жат жерлік.
Дос. Сеніңше, бұл жат жерліктің сұлу екендігі соншалық, ол саған тіпті Клинийдің
ұлынан да әдемірек сияқты болып көрінді ме?
Сократ. Қымбатты дос, даналығы асқанның неліктен әдемірек болып көрінбесіне?
Дос. Ендеше, Сократ, сен бізге әлдебір данагөймен кездескен соң келіп тұрсың ба?
Сократ. Егер сен де Протагорды бәрінен де даналырақ деп есептейтін болсаң, ендігілердің
ішіндегі ең данагөйімен кездескеннен кейін келіп тұрмын.
Дос. Сен не айтып тұрсың? Протагор осында ма?
Сократ. Иә, осында келгеніне үшінші күн.
Дос. Сен әлгінде ғана онымен әңгімелестің бе?
Сократ. Айызым қанғанша сөйлесіп, әбден тыңдадым.
Дос. Егер саған ештеңе бөгет болмаса, бізге сол әңгімең жайында неге айтпай тұрсың?
Баланы орнынан тұрғызып жібер де, мына жерге отыршы.
Сократ. Айтып беруге әзірмін, егер мені ақырына дейін тыңдасаңдар, тіпті риза боламын.
Дос. Егер айтып беретін болсаң, біз де саған ризалығымызды білдіреміз.
Сократ. Ризалық екі жақтан да болсын. Сонымен, сөзге құлақ түріңіздер.
Өткен түнде, таң әлі белгі бере қоймаған кезде, Гиппократ, Аполлодордың ұлы, Фасонның
інісі, кенет менің есігімді таяқпен қатты тоқылдата бастады. Есік ашылған кезде үйге
ентелей басып кіріп келді де, қатты дауыстап: