218
Жоқ, әр нәрсеге белгілемелердің екеуі де жатады.
Көптеп аталған заттардың әрқайсысы қалай аталса үстемді түрде солай бола ма
әлде болмай ма?
Бұл той-томалақтарда орын тебетін қос мағыналылыққа сәйкес, немесе қызтекенің
жарқанатты өлтіргісі келгендігі туралы балалар жұмбағына сәйкес: оның нені
лақтырғанын және жарқанаттың неде отырғанын жорамалдап таба білу керек. Мұнда
да бәрі екі мағынаға ие, және де ешқандай зат туралы да ол мұндай немесе басқадай
деп те, не оған екі белгімелердің екеуі де жарайды, не олардың бірде-біреуі жарамайды
деп те нық топшылауға болмайды.
Мұндай белгілемелермен сен не істейсің? Сен бұларға болмыс пен болмыс еместің
ортасынан артық орын тауып бере аламысың? Олар болмыс еместен тұмандырақ емес
және одан да әрі аса өмір сүрмейтіндей бола қоймайды, ал екінші жағынан, олар
болмыстан айқынырақ емес және одан да аса өмір сүретіндей болмайды.
Әбден жөн.
Яғни, біз, әлбетте, көпшіліктің әдемілік және соған ұқсайтындар турасындағы
жалпы қабылданған пайымдаулары көбінесе болмыс емес пен таза болмыс арасында
тербелісте болатынын таптық.
Иә, біз мұны таптық.
Ал біз, егер де осыған сәйкес әлдене табыла қалатын болса, оны біздің
танитынымыз емес, пікірлейтініміз деп есептеуге тиіспіз деп шарттасқан болатынбыз,
өйткені осы аралықта тербетілетін нәрсе аралық қабілетпен қабылданады.
Иә, біз солай шарттасқанбыз.
Демек, көптеген әдеміні байқап, бірақ өзді-өзінен әдемілікті көрмейтіндер және
соған жетелейтінге ере алмайтындар туралы, ал және де көптеген әділ іс-қимылдарды
байқайтындар, бірақ өзді-өзінен әділділікті емес және тағысын тағылар туралы біз
осының барлығы жөнінде олардың пікірі бар, бірақ олар пікірлейтіндері ішінен
ештеңені де білмейді дейміз.
Иә, дәл осылай айту қажет.
Ал мәңгілік өзді-өзіне барабар осы [мәндердің] өзін андайтындар туралы біз не
айтамыз? Олар бұл мәндерді тек пікірлеп қана қоймай, танып-біледі ғой?
Бұл да қажет.
Бұлар өздері танып-білетінді, ал аналар өздері пікірлейтінді құрметтейді және
сүйеді дейміз біз сонда. Олардың, біз айтқандай, дыбыстарды, сұлу бояуларды және
соған ұқсастарды сүйетіні және байқайтыны, бірақ өзді өзінен әдеміліктің өмір
сүретіні тіпті де ойына да келмейтіні біздің есімізде ғой.
Иә, бұл біздің есімізде.
Олай болатын болса, егер де оларды даналықты сүйгіштер дегеннен гөрі пікірлерді
сүйгіштер деп атасақ, біз қателеспейміз бе? Егер де біз осылай айтсақ, олар тым
ашуланып қалып жүрмей ме?
Егер мені тыңдайтын болса, ашуланбайды: шындыққа ашу жүрмейді ғой.
Ал өзді-өзінен өмір сүретіндердің барлығын бағалай білетіндерді пікірлерді
сүйгіштер деп емес, философтар [даналықты сүйгіштер] деп атауға тиесілі.
Сөзсіз.
Алтыншы кітап
Идеалды мемлекеттегі философтардың рөлі
Главкон, әрең дегенде ұзақ пайымдаудың соңында, шындығында кім философ, ал
кім философ емес екендігі және олардың әрқайсысының кім екендігі анықталды-ау.
Солай, — деп жауап берді ол, — бұны қысқаша жасау оңай болмады.