Page 217 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

217
Сол арада-ақ болмыс еместі бір бірдеңе деп емес, ал тіпті ештеңе деп атауға толық
қақылымыз.
Әрине.
Сондықтан болмыс емеске біз қажетті түрде білместікті, ал болмысқа - танымды
жатқыздық.
Дұрыс.
Демек, пікірлер болмысқа да, болмыс емеске де жатпайды.
Иә, жатпайды.
Демек, пікір дегеніміз — бұл білім де емес, білместік те емес болып шығады ғой?
Тегі, иә.
Сонымен, оларға сайма-сай келмегенімен, ол айқындылығымен білімнен, ал
айқынсыздығымен білместіктен асып түсе ме?
Жоқ, ол жағдайда да бұл жағдайда да.
Демек, сенің көзқарасыңша, пікір білімге қарағанда күңгірттеу де, бірақ білместікке
қарағанда анықтылау ғой?
Және көп еселеп.
Бірақ ол олардың шектерінен асып кетпейді ғой.
Иә.
Яғни, ол — олардың аралығындағы орташа әлдене ғой.
Міне, дәл өзі.
Біз бұрынырақ айтқанымыздай, егер де өмір сүретін және сонымен бірге өмір
сүрмейтін әлдене біліне қалатын болса, ол таза болмыс пен толығынан болмыс еместің
ортасында орнығатын болады, және де оған бағытталатыны білім де емес, сондай-ақ
білместік те емес, бірақ тағы да сол білместік пен білімнің ортасынан табылатын
әлдене болып шығады.
Бұл жөн.
Ал енді олардың ортасында біздің пікір деп атайтынымыз болып шықты.
Иә, болып шықты.
Бізге, тегі, олардың екеуіне де — болмыс пен болмыс емеске — қатыстылы
бірдеңені табуымыз керек, бірақ таза түріндегі ол деп те, бұл деп те атауға болмайтын
бірдеңені. Егер сәйкес бірдеңе табыла қалса, онда біз мұны біздің пікірлейтініміз деп
атауға қақылы боламыз; шеткері мүшелерге біз шеткері болу қасиетін, ал олардың
арасындағы орташаға орташа болу қасиетін тағатын боламыз. Солай емес пе?
Солай.
Осыны негізге ала отырып, өзді-өзімен әдемілікті және мұндай әдеміліктің небір
өзімен-өзі тең идеясын жоққа шығаратын сол бір қайырымды кісі менімен
әңгімелессінші және маған жауап берсінші дейін мен. Ойын-сауықты сүйгіш ол сұлу
нәрселер көп деп табады және де оған әдемілік, әділділік те, иә қалғанының барлығы
да, бірегей десең, ол бұған төзе алмайды. "Қарағым, — дейміз біз оған, — осыншама
көп әдемі заттардың ішінен сұрықсыз болатындай ештеңе де табылмайды ма? Немесе
әділ қылықтар санатына жатқызғандар ішінен әділ емес болып шығатыны, ал ізгі ар-
ождандыға жатқызатындар ішінен арсыз болып шығатыны?".
Иә, бұл заттар қайткенде де бір қатынасында әдемі және бір қатынасында сұрықсыз
болып табылады. Сен сұрап отырғанның қалғаны да дәл осылай болмақ.
Сонымен?
Көптеген қосарланған заттарға басқа қатынасында жартыланған болуға бұл бөгет
болушы ма еді?
Тіпті де.
Ал егер біз әлденені үлкен, кіші, жеңіл, ауыр дейтін болсақ, қарама-қарсы
белгілемелерге қарағандағы осының негіздемелері артық бола ма?