Page 216 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

216
Қабілеттер туралы біз олар өмір сүретіннің әлдебір тегіне жатады деп айтамыз;
солардың арқасында біз, тіпті тек біз ғана да емес, жасай алатынымызды жасай
аламыз, бірақ біздің жалпы барлық қабілеттерімізді: көруді және естуді мысалы, мен
осындай қабілеттердің санатына жатқызамын, егер саған менің қай түрі туралы
айтатыным түсінікті болса.
Маған түсінікті.
Олар туралы менің қандай көзқарас ұстанатынымды тыңдап бақшы. Мен
қабілеттердің түсін, сырт пішінін және жалпы басқа заттарға тән ерекшеліктердің,
солардың арқасында ғой менің оларды өзім үшін айыра алатыным, ешқандайын да
байқастамаймын. Менің қабілетте байқастайтыным тек оның неге бағытталғаны және
оның ықпалының қандай екендігі; дәл осы нышан бойынша мен әр қабілетті
белгілеймін де. Егер бағыты да, ықпалы да бірдей болса, мен оны сол бір қабілет деп
санаймын, ал егер бағыты да, ықпалы да әртүрлі болса, онда бұл енді басқа қабілет. Ал
сен — сен қалай істейсің?
Дәл осылай да.
Соған да қайтып оралайық, құрметтім. Сен білімді қандай да бір қабілет деп
мойындайсың ба немесе оны сен қай текке жатқызасың?
Мынау текке — бұл барлық қабілеттердің ішіндегі ең қуаттысы.
Ал пікірді біз қабілеттерге жатқызамыз ба немесе қандай да бір басқа түрге ме?
Ешбір жағдайда да. Пікір дегеніміз соның арқасында біз пікірлерге қабілетті
болатыннан басқа ештеңе де емес қой.
Бірақ сен бұрынырақ білім мен пікір бір нәрсе емес деп келісіп едің ғой.
Ақылыңнан адаспай тұрып, айна қатесіз болатынды және қателерге толы
болатынды бір нәрсе деп есептеу қалай ғана мүмкін екен!
Жақсы. Тегі біз сенімен келісеміз: білім мен пікір әр бөлек заттар.
Иә, әр бөлек.
Яғни, олардың әрқайсысының өз табиғаты бойынша ерекше бағытталғандығы және
қабілеттілігі бар.
Тап солай.
Білім болмысқа бағытталған, соның қасиеттерін танып-білу үшін.
Иә.
Пікір болса, ол пікір түзуге ғана бағытталған деп ұйғарамыз ғой біз.
Иә.
Ол да білім нені таныса соның тап өзін тани ма екен? Және де танылатын мен
пікірленетін бірден-бір нәрсе бола ма? Әлде бұл мүмкін емес пе?
Біздің келіскеніміз бар еді ғой, сол себептен мүмкін емес; әрбір қабілеттің өз
табиғаты бойынша өзіндік бағытталғандығы бар; бұл екі заттар — пікір мен білім —
қабілеттерге жатады, басқа ештеңе де емес, бірақ, біздің ұйғаратынымыздан, олар
әртүрлі қабілеттер және сондықтан танылатынмен бірден-бір нәрсе деген қорытынды
жасауға болмайды.
Егер болмыс танылатын болса, онда пікірлесетін одан өзгеше бірдеңе болуға тиіс.
Иә, ол одан өзгеше.
Демек, пікір болмыс емеске бағытталған ба? Әлде болмыс еместі пікірлеуге
болмайды ма? Ойланшы: пікірлері бар адам өз пікірлерін әлдебір нәрсеге
қатынастырмайды ма? Әлде пікірің бар болып, бірақ ештеңені де пікірлемеуге бола
ма?
Бұл мүмкін емес.
Пікірі бар адам дегенмен де тым болмаса әлдебір бір нәрсені пікірлейді ғой?
Иә.