Page 215 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

215
дегеніміз — түсінде ме не өңіңде ме — заттың ұқсастығын ұқсастық деп емес, сол
ұқсатып отырған заттың өзі деп санау емес пе?
Әрине, мен мұндай адам аңсау үстінде дер едім.
Әрі қарай. Кімде-кім бұған қарама-қарсы әлденені өзді өзінен сұлулық деп санап,
оны да және оған қатынасатының бәрін де, бір-бірімен шатыстырмай, андай алатын
болса, мұндай адам, сеніңше, түсінде өмір сүре ме әлде өңінде ме?
Әрине, өңінде.
Оның ойлау күйін біз танып-білелік деп дұрыс атар едік, себебі ол танитындықтан,
ал анау біріншінікін біз пікір деп атар едік, себебі ол тек пікір білдіреді.
Сөзсіз.
Одан әрі. Егер де тек пікір білдіріп, ал танып-білуге деген қабілеті жоқ адам, біздің
пайымдарымыздың дұрыстығын жоққа шығаруға тырысып, өзінің ашу-ызасын
білдіріп жатса, оған ашықтан ашық ақылынан адасқан деп айтпай, оны өйтіп-бүйтіп
басыңқырап, тыныш қана көндіре аламыз ба?
Мұны жасау керек ақ.
Философ пікірлерді емес, ал болмыс пен ақиқатты таниды
Ау, біздің оған не деп жауап беретінімізді сен қарап көр. Немесе, егер зауқың
соқса, одан біз былай деп сұрастыра бастайық (біздің оған қарсы еместігімізге,
керісінше, ризашылықпен білімді адам деп санайтындығымызға сендіре отырып):
"Танып-білетін адам әлденені тани ма немесе ештеңені ме? — сен бізге осыны айтшы".
Оның орнына маған сен жауап беріп тұр.
Мен жауабымда: мұндай адам әлденені таниды дер едім.
Өмір сүретін әлденені ме немесе өмір сүрмейтінін бе?
Өмір сүретінін. Өмір сүрмейтінді танып-білуге бола ма екен?
Солай міне, әлденені қай жағынан болмасын қарастырғанда да, шынымен өмір
сүретінді шынымен танып-білуге болатыны, ал мүлдем өмір сүрмейтінді мүлде де
танып-білуге болмайтыны, — бізге осы да жеткілікті.
Иә, бұл әбден жеткілікті.
Жақсы. Ал егер әлде бірдеңе бірде өмір сүріп, енді бірде өмір сүрмейтін болса,
онда ол таза болмыс пен мүлде болмайтынның ортасында орналасады емес пе?
Иә, ол олардың арасында орналасады.
Таным өмір сүретінге бағытталғандықтан, ал білместік қайткенде де өмір
сүрмейтінге бағытталады, онда олардың екеуінің ортасындағы бағытталғанға білместік
пен білімнің ортасындағы әлденені, егер де тек қана ұқсас бірдеңке кездесетіндей
болса, іздеу керек.
Әбден жөн.
Ал біз пікір деп бірдеңені атаймыз ба?
Әрине.
Бұл білімге қарағанда басқадай қабілет пе, әлде соның өзі ме?
Басқадай.
Яғни, бұл қабілеттердің айырмашылығына орай, пікір бір нәрсеге, ал білім басқаға
бағытталған.
Иә, солай.
Демек, білім өз табиғаты бойынша болмыстың қандай екендігін танып-білу
мақсатымен соған бағытталған ғой? Әйткенмен де, менің байқауымша, алдымен міне
мынаның анық-танығын біліп алғанымыз жөн...
Ненің?