214
егер адамның тамаққа тәбеті шаппаса, оны аш және тамаққа ұмсынады деп
айтпайтынымыз сияқты: бұл жағдайда ол тамаққа бет бұрмайды да, ол оған
жеккөрінішті болып көрінеді.
Егер біз солай десек, бұл дұрыс болады.
Ал кімде-кім ғылымның қай-қайсысына болсын жанын сала беріліп, қуана-қуана
оқитын болса әрі бұған қатынасында ашқарақтық танытса, соны біз философ деп
атауға қақылымыз.
Сонда Главкон былай деді:
Мұндай қалыпты адамдар сенде қаптап кетер және тіпті де түкке тұрғысыздар.
Меніңше, ойын-сауықтарға құмарлардың бәрі де сондай ғой: олар үшін әйтеуір бір
жаңалықты білу қуанышқа саяды. Тыңдауды сүйетіндерді де философтарға жатқызу
мүлдем ақылға симайды: оларды әлде бірдеңе талқыланатын әңгімелер еш
қызықтырмайды, ал бірақ оларды біреу барлық хорларды тыңдауға жұмылдырып
қойғандай - ақ, олардың Диониске арналған мерекелердің, қалалық болсын, ауылдық
жерлердегі болсын, бірін де жібермей шауып жүргені. Шынымен де осындай әлде
бірдеңені білуге немесе әйтеуір бір түкке де тұрмайтын өнерсымаққа үйренуге
ұмтылатындардың бәрін біз философтар деп атайтын боламыз ба?
Ешқандай да. Тек оларға ұқсап қалған деуіміз мүмкін.
Ал кімдерді ғана сен нағыз философтар деп санайсың?
Ақиқатты көздемеуді сүйетіндерді.
Бұл жөн: бірақ сен мұны қалай түсінесің?
Мұны басқаға түсіндіру маған оңай емес, бірақ сен, ойлаймын, менімен мына
нәрседе келісетін шығарсың...
Неде?
Әйтеуір әдемілік сұрықсыздыққа [ұятсыздыққа] қарама-қарсы екен, демек, бұл екі
бөлек заттар ғой.
Әрине.
Бірақ әйтеуір бұл екі зат екен, онда бұлардың әрқайсысы — біреу ғой?
Бұл да, әрине, солай.
Тап осыны әділділік пен әділетсіздік, жақсы мен жаман және басқа осындай
түрлердің бәрі туралы да айтуға болады: бұлардың әрқайсысы — біреу, бірақ барлық
жерде де өзара қатынасында, ал сондай-ақ әр қилы іс-әрекеттермен және адамдармен
тіркесінде құбыла алатындықтан көпті болып көрінеді.
Сенікі шын.
Осыған сай қылып мен бір-бірінен айырамын: ойын-сауықтарды, кәсіптерді
сүйетіндерді және іс қойларды, яғни сен айтқандардың бәрін бір бөлек, және қазір сөз
қылып отырғандарымызды әрі толығынан философтар деп атауға тұратындарды бір
бөлек орналастырамын.
Ал сен мұны не үшін жасайсың?
Тыңдауды және көруді сүйетіндер әдемі дыбыстарға, бояуларға, қиюластықтарға
және де осыдан туындайтындарға қуанады, бірақ олардың рухани қырағылығы
сұлулықтың өзді өзіндік табиғатын көруге әрі соған қуануға қабілетсіз.
Иә, бұл солай.
Ал сұлулықтың өзіне дейін көтерілуге әрі оның өзді өзін көруге қабілеттілер,
мұндай адамдар сирек емес пе?
Және де тіпті өте сирек.
Кімде кім сұлу заттарды бағалап, бірақ сұлулықтың өзді-өзін бағалай білмесе және
де соны танып-білуге оны бастамақ кісіге еруге қабілетсіз болса, — мұндай адам, сен
қалай ойлайсың, өңінде өмір сүре ме, жоқ әлде түсінде ме? Расын өзің айтшы: аңсау