Page 213 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

213
біздің анықтама беруіміз қажет: бұл әбден түсінікті болғанда қорғанысқа көшіп, кейбір
адамдарға олардың өз табиғаты бойынша философтар және мемлекет билеушілері
болу лайықты, ол барлық қалғандарының мұнымен айналыспай, басқарушылардың
соңына еріп отыруы керек деп дәлелдеуге болады.
Иә, дәл қазір мұндай анықтама берудің уақыты келді.
Ал, онда осы бағытта менің соңыма ере бер, мүмкін, мұны қанағатты түрде
түсіндірмелеп беру біздің қолымыздан келіп қалар.
Бастай бер.
Философ дегеніміз әдемілікті андайтын адам
Егер де адам, біздің байқауымызда, әлденені сүйетін болса, және де ол туралы
айтылған рас болып шықса, ол өзі сүйетіннің әлде бір жағын ғана сүйіп, басқа жағына
немқұрайлы болып қала беруге тиіс емес, қайта, керісінше, оған бөрі де қымбат болуы
тиіс екені сенің есінде шығар, әлде есіңе салу керек пе екен.
Байқауымша, мұны менің есіме салған дұрыс болар: бұл маған соншалықты
түсінікті емес.
Бұлай деп басқа біреу айтса бірсәрі, бірақ сен емес, Главкон! Жас жігіттерге
немқұрайды емес және ғашық құмар адамды қалай болғанда да гүлденген
шақтағылардың және көңіл мен махаббатқа лайықталардың бәрі де көңілін жарқ
еткізіп қызғандырмай қоймайтынын сүйіспеншілік ісінің білімдарына ұмыту
жараспайды-ақ. Әлде сұлу жігіттерге сіз басқадай қарайлайсыз ба? Пұшық мұрынды
біреуін сіз жаратып, сүйкімді деп мақтайсыз, мұрны қоңқылдау екіншісінен сіз
патшаға тән кербездік табасыз, ал мұрны орташа келгенін сіз жинақы денелі деп
ұнатасыз. Қара торылары ержүрек болып көрінеді, ақ шаштылары — құдайдың
балаларындай. "Балдай-сарыларына" келетін болсақ, бұл сөз орамын тапқан ғашық
адамнан басқа ешкім де емес, — ғашықтығына нәзіктігі сайлығы соншалық, оны тіпті
жас жігіттің бетінің қуаң тартқаны тежемейді, тек гүлденген шақта болса болғаны, —
екенін сен ойлайсың ба? Бір сөзбен айтқанда, гүлденген шаққа жеткеннің
ешқайсысынан да кез келген бір дәлел не атау тауып сіздер бас тартпайсыздар.
Егер ғашықтар өздерін қалай ұстайтыны жөнінде мені мысалға келтіре отырып
айтамын десең, мейлі солай-ақ болсын, келісейін, бірақ тек біздің әңгімеміздің баянды
болуы үшін.
Несі бар? Әлде шарапқа ғашықтар өздерін солай ұстайтынын сен көрмейсің бе? Кез
келген шарапқа олар балаша қуанады ғой.
Тіпті де өте.
Мақтан сүйгіштер де, мен ойлаймын, дәл солай. Сен байқайсың ба, бүкіл әскерді
басқару мүмкіндігі болмаса, олар тым болмаса триттияны басқарады; егер жоғары
биліктегі және мансапты деген адамдардан құрмет болмаса, олар кішігірім және
мансапсыз деген адамдардың құрметімен шектеледі, бірақ қалай да болсын құрметке
ұмсынады.
Әбден жөн.
Мінеки, мынаны не қабылдап ал, не теріске шығар. Біз: "Адам әлдебір соған
ұмсынады" деп айтқанда, ол нәрселердің осы түріне түгелдей ұмсынады дейміз бе
немесе олардың біреулеріне — иә, ал басқаларына — жоқ дейміз бе?
Түгел түріне.
Даналықты сүюші де [философ] оның жеке бір түріне ғана емес, барлық даналыққа
түгелдей ұмсынады демейміз бе біз?
Бұл шындық.
Яғни, егер адам ғылымдардан жиіркенетін болса, әсіресе ол жас болып, оңды-
солын әлі танымаған кезде, біз оны таңырқағыш деп те, философ деп те атамаймыз,