212
түрдегі мемлекетті қалай құру керек екенін іздеп табуға жағдайымыз келетін болса,
келісші, біз сенің қойған талабыңды орындап тастадық деп, яғни мұны қалай іске
асыруға болатынын көрсетіп бердік деп, айта аламыз. Әлде сен мұнымен
қанағаттанбайсың ба? Мен өзім қанағаттанар едім.
Иә мен де солай.
Бұдан кейін біз, әлбетте, қазіргі мемлекеттерде ненің жаман екенін тауып алуға
және көрсетуге тырысамыз, соның себебінен олар басқаша құрылған болып табылады.
Мүлде кішкене ғана өзгерістің нәтижесінде мемлекет құрылыстың көрсетілген түріне
келе қалар еді-ақ, әсіресе егер де мұндай өзгеріс біреу ғана болса, немесе олар екеу не
тіпті бірнешеу болатын болса, онда олар мүмкіндігінше ұсақ болуы тиіс және мәні
жағынан да кемшін болуы керек.
Әрине.
Алайда, жалғыз ғана бір өзгеріс бар, егер де сол бола қалса, онда, менің
байқауымша, бүкіл мемлекет түрленіп сала беретінін біз көрсете алатын боламыз; рас,
бұл өзгеріс кішкентай емес және жеңіл де емес, бірақ ол дегенмен де мүмкін.
Ол нендей екен?
Міне енді мен үп-үлкен толқынға балағанымызға қарсы жүретін боламын; тіпті
мені түгелдейін күлкі мен даңқсыздық күркіреген толқындай жайпап өтсе дағы, бұл
айтылмай қалмайды. Байқағын менің нені айтпақ екенімді.
Айт.
Мемлекеттерде философтар патшалық құрмайынша, немесе қазіргі патшалар мен
иеленушілер деп аталатындар игіліктілікпен және түпкілікті түрде философиялық ойға
салынбайынша және бұл — мемлекеттік билік пен философия — бірге қабыспайынша,
әрі міндетті түрде жеке-жеке не билікке, не философияға ұмтылысатын адамдарды —
ал олар коп — ығыстырып болғанша, соған дейін, қымбатты Главкон, мемлекеттер
ашу-ызадан босай алмайды,ал біз әлгінде ғана сөз жүзінде сипаттап берген
мемлекеттік құрылыс адам баласы үшін мүмкін болмайды да және күннің көзін
көрмейтін болады. Міне, осы себептен мен көпке дейін айтуға бата алмадым, — мұның
бәрінің жалпы қабылданған пікірге түгелдей қайшы келетінін мен көре білдім;
басқаша жеке бастың игілігі де, қоғамдық игілік те мүмкін емес екенін адамдардың
мойындай қоюы қиын да ғой.
Сонда Главкон былай деді:
Сократ, сенің біздерге лақтырған сөзің мен ойың сондайлық, енді, мұны тоспасаң да
болмас, өте коп және тіпті жаман да емес адамдар барлық күшімен саған шапшитын
болады: сыртқы киімдерін шешіп тастап, мүлде жалаңаштанып, бәріне де дайын олар
қолдарына түскен қаруға жармасатын болады; әрі егер сен өз дәлелдеріңмен олардың
тегеурініне тойтарыс бере алмай, қашқақтайтын болсаң, онда олар тәлкекке сала отырып
сазайыңды тартқызады.
Ал бұған кінәлі сен болып шықпайсың ба?
Сөйтіп мен мұнда әбден дұрыс болып шығамын. Бірақ мен сені жауға бермеймін,
қолымнан келгенше қорғаймын, — қайырымды қарым-қатынасыммен және
уағдаларыммен, және тағы саған, кез келген басқаларға қарағанда, жақсырақ жауап
беруіммен де. Мұндай көмекшің барда барлық сенбеушілерге істің дәл сен айтқандай
екенін дәлелдеп беруге тырысып бақ.
Иә, тіпті сен де менімен мұншама қуатты одақ құратын болғандықтан, тырысып
көру керек. Егер де біз сен айтып отырған адамдар жағының тегеурінін тойтарғымыз
келсе, менің түсінігімше, оларға қарсы кімдерді философтар деп атайтынымыз
жөнінде, соған қоса тура ғана философтар елді билеуі тиіс деп батыл ұйғара отырып,