211
Мен сәл ғана алаңдап қалғанымда сен менің пайымдауыма кенеттен шабуыл және
де аяусыз шабуыл жасағандай болдың ғой. Сен, тегі, менің манағы екі толқыннан әзер
дегенде жалтарғанымды түсінбейсің, сөйтіп маған үшіншісін, ең үлкенін және ең
ауырын жібересің. Сен оны көріп, күркірін естігеніңде, менің баяулап қалғаныма,
бұның себебі анықталғандықтан сен түсіністікпен қарайтын боласың: маған ойымды,
ол соншама өрескел болғандықтан, айту да, талқыға салуға тырысу да қорқынышты
болды.
Неғұрлым көбірек осылай дейтін болсаң, солғұрлым осы мемлекеттік құрылысты
қалайша іске асыруға болады деген сұрақтан сенің жалтарып кетуіңе жол бермейміз.
Мейлі, коп созбай бізге жауап қатшы.
Мемлекеттің әміршілері философтар болуға тиіс
Алдымен бұл сұраққа әділдік пен әділетсіздіктің неде екенін зерттегенде келіп
тірелгенімізді еске салу керек.
Иә, керек. Бірақ бұл неменеге?
Жай, ештеңеге де емес! Бірақ біз әділдіктің неде екенін тапқандықтан, әділ адам
оның өзінен айнымайтындай болсын деп, әділдік қандай болса, барлық жағынан да
сондай болсын деп талап қоямыз ба? Әлде біз адам мүмкіндігінше оған жақын келіп,
басқаларға қарағанда әлдеқайда әділірек болғанына қанағаттанамыз ба?
Иә, қанағаттанамыз.
Үлгі есебінде біз өздігінен әділдікті — ол қандай екен деп және мүлдем әділ
адамды, ондай табыла қалса, — ол қандай болар еді деп зерттедік; біз тағы да
әділсіздікті және толығынан әділсіз адамды зерттедік — мұның бәрі, соларға қарап
отырып, олар бізге бақытты болып көріне ме жоқ па, соған орай біз өзіміз туралы да
міндетті түрде жасалатын қорытындыға келу үшін істелді: кімде-кім соларға барлық
жағынан да ұқсаса, соны ұқсас тағдыр да күтеді. Бірақ біз мұны осындай нәрселердің
іске аса алатынын дәлелдеу үшін жасаған жоқпыз.
Сенікі жөн.
Әлде сеніңше, егер суретші үлгі есебінде ең әдемі адамның түрі қандай болуы
керек екенін салса және де, суретшінің мұндай адамның шынында да өмір сүретінін
дәлелдеуге жағдайы келмегенімен, суретте бұл жеткілікті түрде өз қанығын тапса,
суретші бұрынғысынан кеміп қала ма?
Зевспен ант етейін, меніңше, ол бұған бола кеміп қалмайды.
Онда не? Әлде, солай айтайық, біз де — сөз жүзінде — жетілген мемлекеттің
үлгісін бермедік пе?
Әрине, бердік.
Біздің баяндағанымыз, сеніңше, мұндай мемлекетті құрудың мүмкіндігін
дәлелдеуге жағдайымыз келмейтіндіктен ғана тым болмаса әлдебір нәрсесін жоғалта
ма екен?
Әрине де, жоқ.
Міне бұл жөн. Егер де, саған жағынуға бола, мұның көбіне қай жолмен және
қандай жағдайларда мүмкін болатынын көрсетуге талаптанатын болсам, онда мұндай
дәлелдеу үшін сен маған тағы да соны жасашы...
Нені?
Не болса да айтылғандай болып жасала қоя ма? Әлде өз табиғаты бойынша-ақ іс
ақиқатқа сөзге қарағанда азырақ тиесілі ме, басқаға бұлай болып көрінбегенімен де?
Сен келісесің бе әлде келіспейсің бе?
Келісемін.
Онда біз мұны сөз жүзінде талдағандайын іс жүзінде де бәрін түгелімен дәл солай
болуға тиіс деп мені дәлелдеуге мәжбүрлеме. Егер біздің суреттелгенге ең жақын