20
Енді мені ақтау үшін дауыс бергендермен Архонттар ісін бітіргенше, өлетін жеріме
барғанша, болған жай қақында шын жүректен әңгімелескім келеді. Осы шақта менімен
бірге болыңыздар, достарым! Әзірше бізге сұхбаттасуға ешнәрсе кедергі болмайды.
Сіздерге, өзімнің достарыма, қазіргі менімен болған жайдың мәнін түсіндіргім келеді.
Менің қазыларым, — сіздерді шын мәнінде осылай деуге болады — менде бір керемет
жағдай болды. Бұрын әр жағдайда менің ішкі аян беруші дауысым кейбір істен, кейбір
сөзден (егер ол дұрыс болмаса) мені үнемі тоқтатып жүруші еді. Ал бұл жолы, көп
жұрттың ойынша, бәленің ең жаманына душар болар сәтте, құдайдың аян берер даусы
мені тоқтатпайды — таңертең үйден шыққанда да, сот үйіне кірерде де, сөз сөйлеп тұрған
кезімде де. Оның себебі неде? Мен айтайын: болған нәрсе мен үшін тек жақсылық болды,
олай болса, өлімді бәленің ең жаманы деушілік дұрыс емес. Енді оған менің толық дәлелім
бар. Егер мен теріс нәрсеге барған болсам, ішкі жаршының үні мені тоқтатпауы мүмкін
емес.
Өлім деген екінің бірі. Я өлу деген — алаңсыз жоққа айналу, яғни одан кейін адам жаны
ешнәрсе сезбейді, түйсіктейді, екіншісі — егер аңыздарға сенсек, — өлім — ол жан үшін
бір өзгеріс, жанның бүл жерден басқа бір жерге көшуі. Егер ешнәрсе сезбесе, ол бір ұйқы
сияқты нәрсе, әсіресе, бір қатты ұйқы, ешбір түссіз ұйқы. Оңда өлім деген бір керемет
олжа сияқты емес пе? Кім болса да, тіпті ең атақты патша болсын, өмірінде сондай қатты
ұйықтаған түндерін ең жақсы сәттерім демес пе еді? Егер өлім осындай болса, онда ол мен
үшін бір жақсылық, өйткені барлық уақытың өткен бір түніңмен бірдей.
Екінші жағынан, егер өлім аңыздарға орай жанның басқа, бұрынғы өлгендердің тұратын
бір жеріне ауысуы десек, онда одан жақсы не бар, менің қазыларым? Аидқа барып, мынау
қазысымақтардан құтылып онда, аңыздарда айтылатындай, шын қазыны құрушылар —
Миносты, Радамантты, Эакты, Триптолемды жолықтыру және тағы басқа тіршілігінде
әділеттігімен көзге түскен пайғамбарларды жолықтыру — нағыз ғанибет емес пе?
Орфеймен, Мусеймен, Гесиодпен, Гомермен бірге болу үшін қайсысың нендей
құрбандықтан бас тартар едің? Басқаны қайдам, өз басым осының бәрі рас болса, сан рет
өлуге бармын, мен үшін, мысалы, ертеде әділетсіз соттың құрбаны болған Паламедпен
және Теламонның ұлы Аякспен кездесу, олармен әңгіме дүкен құрып, олардың тағдырын
менің тағдырыммен салыстыру, тамаша болған болар еді.
Ең негізгісі — осындағы сияқты ол дүниенің тұрғындарын да сынап, олардың қайсысы
дана, ал қайсысы тек дана емес, бірақ өзін дана деп ойлайды, соның бәрін ажыратып
әңгіме өткізу қандай қызық! Өзінің әскерлерін Трояның түбіне әкелгенді де немесе
Одиссейді, Сизифті тағы басқа ерлер мен әйелдерді сынға салып отыру рахат емес пе?
Басқасын қойғанда сол үшін сол жақта жазаламайды ғой. Олардың тағы бір артықшылығы
— олар, аңыз дұрыс айтса, мәңгі өлмейтіндер ғой!
Сендерге де, менің қазыларым, өлімнен тек жамандықты күтпеу керек, ең дұрысы мынау:
жақсы адаммен бүл тіршілікте болсын, ана дүниеде болсын, ешбір жамандық болмайды,
құдайлар тек солардың қамын үнемі ойлауда болады. Менің тағдырым да қазір өзінен-өзі
шешілген жоқ, сондықтан, менің білуімше, маған енді өлген жақсы, мұндағы барлық
азаптардан құтылған жон. Сол себепті мені ешбір ішкі жаршының үні тоқтатпады, мен де
өзіме жаза кескендерге, олар маған жақсылық тілемесе де, ашуланып тұрған жоқпын.
Дегенмен, менің оларға бір өтінішім бар: "егер, афиналықтар, менің ұлдарым өскеннен
кейін жақсылықтан көрі ақшаны және т.б. нәрселерді көбірек ойлайтын болса, сіздер де
менің сіздерді сынағанымдай сынап, шын бағасын беріп жүріңіздер. Егер олар өзі туралы
тым астам ойлайтын болса да, олардың шын мәнінде кім екенін есіне түсіріп, көздерін