Page 209 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

209
Әрі қарай. Жеңіске қол жеткенде өлгендерден қарудан басқа бірдеңені алу — бұл
жақсылық па? Бұл қорқақтар үшін соғысушы дұшпанмен кездесуден бас тартудың
сылтауы болып табылмай ма? Олар, өз борышын атқарғансымақ болып, өлгендерді
айнала тінтіп жүргені, және осындай тонаудың кесірінен көптеген әскерлер құрып
бітті.
Тіпті өте көп.
Өлікті тонау — бұл барып тұрған оңбағандық емес пе? Дұшпан қашып, одан тек
қару-жарағы қалса дағы, өлгеннің денесін де жау санау тек әйелше ұсақ ойлау салтына
ғана тән! Әлде, сеніңше, осылай істейтіндердің тасты лақтырғанға тиісе алмай, тасқа
ашуланатын иттерден әлдебір айырмашылығы бар ма?
Ешқандай да айырмашылығы жоқ.
Яғни, өлгендерді тонаудан бас тарту керек және өліктерді жинауға бөгет жасамау
керек.
Әрине, Зевспен ант етемін, бас тарту керек!
Және де біз қасиетті орынға құрбандық сый ретінде қару-жарақ апармаймыз,
әсіресе эллиндердің қаруын, егер де бізге басқа эллиндермен ізгілікті қарым-
қатынастар қаншалықты да маңызды болатын болса. Ал бұдан да аса біз өзіміздің
туыстардан тартып алынған заттарды апарып қасиетті орынды былғаудан
қорғалақтайтын боламыз, — тек құдай басқаша бұйырып тұрмаса.
Әбден жөн.
Ал енді эллин жерін тып-типыл қылып құрту және үйлерді өртеу — мұндай
жағдайларда жауынгерлер, сеніңше, дұшпанға не істеуі керек.
Егер де сен өз пікіріңді білдірсең, мен ықылас сала тыңдар едім.
Меніңше, олар оны да мұны да жасамай, тек бір жылдық астығын тартып алады;
неліктен екенін — білгің келсе, мен саған айтайын?
Өте білгім келеді.
Менің білуімше, соғыс және ұрыс-керіс деген екі атаудың болуы тегін емес. Бұл
келіспеушіліктің екі түріне тәуелді екі түрлі [көріністер]. Оларды екеу деп
санайтыным: бірі — өзді-өздері мен жақындардың арасында, екіншісі — бөтендермен,
басқа жақтың адамдарымен. Өзді-өздерінің арасындағы жауласу ұрыс-керіс деп, ал
бөтендермен — соғыс деп аталған.
Сенің айтқаныңның соншалықты әншейінгі емес дейтіндей ештеңесі жоқ.
Идеалдық мемлекеттің соғыс мәселесіне байланысты этникалық сипаты
Алайда қарашы, менің ендігі айтатыным, әншейінгі ме екенін. Барлық эллиндер —
бір-біріне жақын адамдар және өзара туыс болып келеді, ал варварлар үшін олар —
басқа жақтық және бөтен адамдар.
Керемет.
Демек, егер эллиндер варварлармен, ал варварлар эллиндермен қақтығысса, онда
біз олар соғысып жатыр, олар нағыз өз табиғаты бойынша жаулар және бұл жауласуды
соғыс деп атау керек дейміз. Мұндай әлдене эллиндер арасында бола қалса, өз
табиғаты бойынша олар достар, бірақ Эллада бұл жағдайда ауру және онда өзара
қырқысу орын тепкен деп айту керек, және мұндай жауласуды ұрыс-керіс деп атауға
тиіспіз.
Мен мұны дәл осылай бағалауға келісемін.
Қарап көрші: мұндай, жаңа ғана біз оны солай деп атауға шарттасқан, ұрыс-
керістерде, ондай әлде бірдеңе бір жерлерде бола қалып, мемлекетті бөлінісу билеп
кетсе, азаматтар бір-бірінің егіндерін таптап, бөтен үйлерді өртеп, бұл ұрыс-керістің
зардабы қаншама ауыр болатынын және екі жақтың өз отанына деген махаббатының
қаншалықты құрығанын! Әйтпесе өз анасын әрі асыраушысын талан-таражға салуға