208
Мұнымен мен бәрінен де бұрын келісемін және бұл заңға тағы бүкіл осы жорық
бойы, егер мұндай жауынгер біреу-міреуді сүйгісі келетін болса, ешкімге де бас
тартуға рұқсат етілмейді деп қосамын, — егер де ол жас жігітке немесе әйелге ғашық
болатын болса, бұл оның ерлік жасауға деген сергектігін одан да жоғарылата түсер еді
ғой.
Керемет. Кімде-кім айбынды болса, оған көбірек рет неке құруға рұқсат етіледі
және мұндай адамдарды басқалардан гөрі осындай мақсатта жиірек таңдайтын болады,
сөйтіп олардан мүмкіндігінше көбірек тұқым қалуы үшін.
Иә, біз бұл туралы бұрынырақ айтқанбыз.
Гомер бойынша да, мұндай құрметті айбынды деген жас жігіттерге көрсету әділетті
болады. Соғыста даңққа бөленген аян "ұп-ұзын омыртқа мүшесімен" құрметтелді, —
дейді Гомер. Бұл гүлденген шағындағы ер жүрек адамға жасалған келісті құрметтеу
еді: бұдан құрметпен бірге оның күші де арта түседі.
Әбден жөн.
Солай бұл істе Гомерге құлақ асайық. Айбынды адамдарды олардың көрсеткен
ерлігіне сай құрмалдық шалған кездерде және сол сияқты әдет-ғүрыптарда ән айтумен
де және қазір ғана айтқанымыздай қылып та құрмет тұтамыз, және сонымен қатар,
құрметті орынмен, етпен де, толған шишалармен де, құрметпен бірге бұл айбынды
еркектер мен әйелдерді одан да әрі нығайта түсу үшін.
Сен керемет айттың.
Солай-ақ дейік. Ал жорықта өлгендер туралы, егер де даңққа бөленіп өлген болса,
олар алтын ұрпаққа жатады деп айтпаймыз ба ең алдымен?
Әрине, айтамыз.
Бұл ұрпақтың кейбіреулері өлгеннен кейін
Күнәсіз таза перілерге айналды, өлмелілердің сақшылары
Болуға жерде, әрқашан игіліктің күшімен зұлымдықтан қорғалап, — деген
Гесиодқа біз сенбейміз бе?
Әрине, сенеміз.
Сонымен, мұндай күнәсіз таза, құдай адамдарды қалай және қандай айшықтармен
көму керек екенін құдайдан сұрастырып алған соң, біз оларды, ол қалай көрсетсе,
солай көметін боламыз.
Неге солай-ақ болмасқа?
Ал содан кейінгі уақыттарда, олар перілер [данышпандар] болғандықтан, біз
олардың молаларын құрметтеп, оларға тағзым ететін боламыз. Дәл сондай әдет-
ғұрыпты біз, егер де, кәріліктен бе әлде басқадай бір себептен бе, өмірде ерекше
мейірім иесі деп мойындалған әлдебіреу өлетін болса, орнықтыратын боламыз.
Бұл әділ.
Әрі қарай. Біздің жауынгерлер дұшпанмен не істеуі тиіс?
Қай мағынада?
Ең алдымен құлдыққа айналдыру хақында: эллиндер эллиндік мемлекеттерді
құлша билегені әділдікке жатады деп есептеуге бола ма, әлде, керісінше, мүмкін
болғанынша, мұны ешкімге де рұқсат еткізбеу және эллиндер тегіне, ол варварларға
құлдыққа түсіп қала ма деген қауіппен, жаны ашып тұратын қылып үйрету керек
шығар?
Дәл солай.
Демек, біздің азаматтарға да эллиннен құл ұстауға болмайды және басқа
эллиндерге де солай деп кеңес беру керек.
Әрине. Сөйтіп, олардың күш-қуаты варварларға қарсы бағытталады да, эллиндер
өзара қырқысуға бармайтын болады.