Page 207 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

207
Солай екені анық.
Ал, сеніңше, жасы келе жауынгер болатындардың бала кезінен-ақ соғысты көріп
өскенінің маңызы шамалы ма? Соған бола тәуекелге барудың керегі жоқ па?
Әрине, сен айтып отырған мақсат үшін мұның маңызы бар.
Яғни, балалар соғысты көретін болсын, бірақ сонымен қатар олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жолын ойлап табу керек, міне сонда бәрі жақсы болады, солай емес
пе?
Иә, әрине.
Ең алдымен олардың әкелері, мүмкін болғанынша, соғыстан хабары жоқ надан
болмайды, қайта қандай жорықтар қауіпті, ал қандайлары қауіпті емес екенін білетін
адамдар болады.
Табиғи.
Бір жорықтарға олар өздерімен балаларды ала барады, ал басқаларына оларды
алуға қорғанады.
Бұл жөн.
Және де балалардың үстінен басқарушылар қылып олар жай қатардағы адамдарды
емес, қайта өз тәжірибесі мен жасы жағынан оларға тәлімгер әрі басқарушы болуға
қабілеттілерді тағайындайды.
Солай болуға тиісті.
Алайда, дейміз біз, жиі-жиі әртүрлі күтпеген жағдайлар болып тұрады.
Бұл жағдайға, достым менің, оларды жас кезінен қанаттандыру керек, егер де қажет
болғанда, олар бәледен құтылып кетуі үшін.
Сен нені мегзеп тұрсың?
Жас кезінен балаларды атқа отырғызып үйрету, ал олар атқа шауып әбден
үйренгенде, оларды өзіңмен бірге соғысты көруге ала бару керек; тек қана олардың
астындағы аттары асау емес және соғыс аты емес, бірақ ең жүйрік және ауыздыққа
үйреншікті болуы тиіс. Осылай балалардың өз ісіне көздері төселеді, ал егер қажет
болса, жасы үлкен тәлімгерлерге еріп құтылып кетері сөзсіз деуге болады.
Меніңше, сен дұрыс айтасың.
Осы бізге соғыс туралы не айтуға болады? Жауынгерлер сенің де өздерін қалай
ұстайтын болады және олардың жауға деген қарым-қатынасы қандай болмақ? Менің
түсінігім дұрыс па әлде жоқ па...
Айтшы, ол не өзі.
Егер де жауынгерлердің біреуі қатардан шығып, қаруын тастап, қорқақтығынан
жалпы сондай бір қылық жасаса, онда оны қол өнершілер, не егіншілер қатарына
ауыстыру керек емес пе екен?
Тіпті өте керек.
Ал жау қолына тірідей тұтқынға түскендерді бұл олжамен өз қалауы бойынша
пайдаланғысы келетіндерге сыйлыққа беруге болмас па екен?
Әрине.
Кім өзін көрсетіп, даңққа бөленсе, сеніңше, онымен бірге жорыққа қатынасатын
бозбалалар мен жеткіншектер тура жорық кезінде әрқайсысы оған кезекпен-кезек тәж
кигізуге тиіс емес пе? Әлде бұлай емес пе?
Меніңше, солай.
Онда не? Оны оң қолын қысып құттықтамайды ма олар?
Әрі мұны да.
Бірақ, мен ойлаймын, сен міне мынамен келісе қоймайтын шығарсың...
Немен?
Ол бәрін сүйетін және оны бәрі сүйетін болса.