206
етікшілердің, әлдебір қолөнершілердің немесе егіншілердің өмірімен қалайша
салыстыруға болады?!
Меніңше, мұны істеуге ешқандай да болмайды.
Дегенмен де, — бұл туралы біз сол жолы да ескерткенбіз, бірақ қазір де
қайталайық, — егер сақшы өз бақытын сақшы болудан көрмей, мұндай орташа,
орнықты әрі, біз айтқандай, ең жақсы деген тіршілікті қанағат тұтпай, бақыт туралы
мемлекеттің бүкіл байлығын күшпен өзіне қаратуға итермелейтін зердесіз әрі балалық
пікірге берілетін болса, ол сонда: белгілі бір мағынасында "жарты бүтіннен көбірек"
деп айтқан Гесиодтың шынында да данышпан екенін түсінеді.
Егер де мұндай сақшы менің кеңесіме құлақ асса, ол біз көрсеткен өмір салтына
бой ұрар еді.
Демек, біз талқыға салған бұл ерлердің әйелдерінің ортақ болуын сен қолдайсың
ғой? Мұның балаларға және олардың тәрбиесіне және де қалған азаматтарды қорғауға
да қатысы бар. Әйелдер қалада қала ма әлде соғысқа бара ма, олар еркектермен бірге
сақшылық қызметін атқарады, иттерге ұқсап бірге аңға да шығады; олар қалай да,
олардың күші бұған жеткенше, бәріне де қатынасады. Олардың мұндай қызметі ең
жақсы болып табылады және еркек пен ұрғашының арасындағы қарым-қатынастардың
табиғатына тіпті де қайшы келмейді.
Мен келісемін.
Басқа да тірі жан иелеріндегі сияқты осындай ортақтықты адамдардың арасында да
іске асыру мүмкін бе — тағы осыны және де мұны қалайша іске асыруға болатынын
талқылау қалды.
Мен де дәл осыны қоспақ болып жатыр едім, бірақ сен менің алдыма түсіп озып
кеттің.
Соғыс және идеалды мемлекет азаматтарының әскери борышы
Әскери іс-әрекетке келсек, онда, мен ойлаймын, әйелдердің қалай ғана соғысатыны
түсінікті.
Қалай екен?
Олар еркектермен бірге әскери жорыққа қатынасатын болады, ал балалардан өзімен
бірге соғысқа тек соған жарайтынын ғана алады: олар, кез келген істің шеберлерінде
жасалатынындай, өскенде игеруге тиіс шеберлікке көз үйрете беруі үшін. Байқаудан
басқа балалар қосымша қызмет қылуға, әскери жағынан көмектесуге, әкелері мен
шешелерін күтуге тиіс. Сен мұны әртүрлі қол өнерлерінде көрмеп пе едің, мысалы
қыщыларда? Олардың балалары өздері қыщылық іске кіріспес бұрын ұзақ уақыт
қосымша қызмет қылып, байқағыштайды.
Иә, мен мұны жиі көргенмін.
Ал қыщылар біздің сақшыларға қарағанда өз балаларын оларға тәжірибе мен
байқау жүзінде не істеу керек екенін көрсетіп, ұқыптырақ үйретуі керек пе?
Бұл тіпті де күлкілі болар еді!
Бұған қоса, кез келген тірі жан иесі қасында балалары еріп жүргенде ерекше
жаужүрек болады ғой.
Бұл солай. Бірақ, Сократ, жеңіліс тапқан жағдайда — ал бұл соғыста жиі болып
тұрады — олар өздерімен бірге өз балаларын да құрытып алуының үлкен қауіпі бар
және былайғы азаматтар бұл шығынның орнын толтыра алмайды.
Сен дұрыс айтасың, бірақ ең алдымен оларды толық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету
керек деп есептейсің бе?
Мүлдем жоқ.
Онда не? Егер де олар қауіп-қатерге бас тігетін болса, жетістікпен аяқталған
жағдайда балалардың жақсырақ болып шығуы мұның шарты болмас па?