205
Бұл заңда тағы да мынау дұрыс: егер де біреу басқа біреумен араздаса қалса, ол өз
ашуын осы араздық шегінде тарқатады да, бірақ жанжалды әрі қарай дүрліктірмейді.
Әрине.
Кімнің жасы үлкенірек болса, соған одан жасырақтардың бәрін де басқаруға,
жазалау құқығын қоса жол беріледі.
Түсінікті.
Ал жасы кішісі, әміршілер бұйырған кездерін былай қойғанда, жасы үлкенге
зорлық жасауға немесе қолын көтеруге бұл әрі табиғи ғой, ешқашан бармайды, және
ойлаймын, жалпы ешқашанда оны жәбірлемейді де. Бұған екі сақшы: қорқыныш пен
инабаттылық жеткілікті түрде бөгет бола алады. Инабаттылық әке-шешеге тиісуге жол
бермейді, ал қорқыныш жәбірленгенге не оның ұлдары, не ағалары, не әкелері
көмектеседі деп жорамалдауға мәжбүрлейді.
Солай болады.
Мұндай заңдардың арқасында бұл адамдар бір-бірімен жан-жақты бейбіт өмір
сүретін болады.
Өте-мөте.
Ал олардың арасында жанжал болмайтындықтан мемлекеттің басқа бөлігі олармен
келісімге келе алмайды, сөйтіп онда іштей ұрыс-керістер туады деп қорқып керегі жоқ.
Әрине, жоқ.
Маған олар құтылатын әртүрлі ұсақ жағымсыздықтар туралы еске салу тіпті бір
түрлі қолайсыз да, мысалы байлар алдындағы кедейлердің жарамсақтануы туралы,
балаларды тәрбиелеудің қиыншылықтары мен ауыртпашылықтары туралы, отбасын
асырау үшін қажетті ақшалай қаржыны табу туралы, мұндайда адамдарға біресе қарыз
алуға, біресе басқаларға қарыз беруден бас тартуға, біресе қалай болғанда да ақша
тауып, оны шаруашылықты жүргізуді тапсырған әйеліңде немесе үй ішіндегілерде
сақтауға тура келетіні бар; бір сөзбен айтқанда, достым менің, мұнда тынымсыздықтан
бас көтере алмайсың, бұл анық, алайда мұндай жөнсіз заттар туралы айтып та керегі
жоқ.
Иә, бұл соқырға да анық.
Мұның бәрінен құтылған соң, біздің сақшылар игілікті — олимпиадалық
ойындардың жеңімпаздарынан да игіліктірек — өмір сүретін болады.
Қай жағынан?
Аналар, біздің сақшыларда бар болатынның тек бір бөлігін ғана иеленгенімен,
бақытты деп саналады. Сақшылардың жеңісі әдемірек те, әрі олардың қоғамдық
мазмұнының да бағасы жан-жақтырақ: өйткені олардың жеткен жеңісі — бұл бүкіл
мемлекеттің құтқарылуымен барабар, әрі өздері де және олардың балалары да
тамақпен және өмірге керекті басқаның бәрімен де қамтамасыз етіледі; әрі өз
мемлекеті тарапынан тірі кезінде құрметке бөленеді, ал өлгенде олар лайықты түрде
жерленеді.
Бұл тап-тамаша.
Есіңде ме, ертерек - біздің пайымдауымыздың қай жерінде екенін білмеймін —
бізге қарсы мынадай бір дәйек айтылған еді: манаты біз сақшыларды бақытқа
жеткізбейді екенбіз, себебі оларда, азаматтардың барлық мүлкін өздеріне қаратып
алуға мүмкіндігі болғанымен, ештеңе де жоқ екен. Бұған біз сол жолы бұл сұрақты,
егер де ол туа қалса, кейінірек қарастырамыз, ал әзірше сақшыларды шынында да
сақшы, ал мемлекетті, тек бір сословиенің ғана дәулеттілігімен шектелмей, мейлінше
дәулетті қылу керек деп жауап бергенбіз.
Менің есімде.
Ал, енді не? Әйтеуір енді біздің қорғаушыларымыздың өмірі Олимпиада
жеңімпаздарының өмірінен әлдеқайда әдемірек әрі жақсырақ болады екен, онда оны