204
Осылардың өзі. Егер мұны өмірге асырмаса, күлкілі болар еді және жақындардың
атаулары бос дыбыс қана болып қалар еді.
Демек, егер қандай да болмасын бір азаматтың істері жақсы немесе жаман болып
жатқанда, барлық мемлекеттердің ішінде тек осы мемлекеттің азаматтарынан ғана бір
ауыздан: "Менің істерім жақсы!" немесе "Менің істерім жаман!" деген сөздер қуатты
түрде естілер еді.
Әбден жөн.
Ал біз ортақ қуаныш пен қайғы да осындай көзқарастар мен сөздер арқылы
көмкерілетінін көрсетпеп пе едік?
Және де біз мұны жөнімен көрсеткенбіз.
Демек, егер біздің азаматтар: "Мынау менікі" деп айта алатын болса, онда олар
әлденеге бірге ерекше күйзелетін болғаны ғой? Осындай ортақ күйзеліс арқылы тегі
оларда ортақ қуаныштар мен қайғы орын алатын болар.
Әрине.
Басқа да ұстанымдарға қосымша сақшылардың әйелдері мен балаларының
ортақтығының себебі осында жатқан жоқ па?
Иә, басты түрде.
Бірақ біз мемлекет үшін бұл ең ұлы игілік деп келісіп едік қой: біз игі құрылған
мемлекетті қасіреті мен денінің саулығы бөліктерінің жай-күйіне тәуелді келетін
денеге ұқсаттық.
Әрі біз дұрыс келістік.
Демек, біздің мемлекетіміз үшін ең ұлы игіліктің себебі оның қорғаушыларының
балалары мен әйелдерінің ортақтығы болып шықты.
Сөзсіз.
Бұл біздің бұрынғы ұйғарымдарымызбен де келіседі. Біз бірде сақшыларда
өздерінің үйлері де, жері де әрі жалпы ешқандай да мүлкі болмауы тиіс деп айтқан
едік: олар өздерінің сақшылық қызметі үшін төлем ретінде басқа азаматтар есебінен
тамақтанады және де, әйтеуір олар нағыз сақшылар болуға тиіс екендіктен, бәрін
бірлесе тұтынады.
Дұрыс.
Міне мен былай дер едім — біздің бұрынғы айтқанымыз, ал одан да гөрі қазір
айтып жатқанымыз, олардан нағыз сақшылар жасайды және де олар мемлекеттің быт-
шытын шығармауына көмектеседі, ал бұл әншейінде адамдар өзінікі деп бірден-бір
нәрсені емес, бірақ әрқайсысы әр басқаны есептегенде орын тебеді: біреу өз үйіне,
басқалармен есептеспей, қолына не түссе соны тасиды, ал басқа да соны істейді, бірақ
тек өз үйіне тасиды; әркімнің өз әйелі мен балалары болады, ал бұлай болғаны
әркімнің өзіне ғана тән қуаныштары мен қайғыларын тудырады. Керісінше, өзімдікі
деп нені есептеу керектігі жөнінде бәрі де бірдей көзқарасты ұстанғанда, олардың бәрі
де өз алдына бірден-бір мақсат қоятын болады әрі мүмкіндігінше бірдей, қуанышты не
қайғылы жәй-күй кешеді.
Күмәнсіз.
Сонда не болмақ? Оңайлата айтқанда, өз тәнінен басқа ешқандай да жекеменшік
болмағандықтан, олардағы дау-шарлар мен өзара айыптаулар құрдымға кетпейді ме?
Қалған барлығы оларда ортақ. Сондықтан олар адамдар арасында мүлікке бола немесе
балалар мен туысқандарға қатысты жиі пайда болатын жанжалдарға бейім болмайды.
Бұл оларда мүлде болмайды.
Әрі оларда зорлық-зомбылыққа бола соттасуға деген негіздемелер де болмайды. Біз
оларға құрдастар үшін өзді-өзін қорғау әдемі әрі әділ іс болады деп айтамыз, және де
өз тәни дамуы жөнінде қамқор болуға міндет арттырамыз.
Дұрыс.