203
Егер мемлекетте жақсы заңдар болса, бұл айна-қатесіз солай болмақ.
Біздің мемлекетімізге қайтып оралып, пайымдауымыздың қорытындылары
негізінен онда ма немесе әлдебір басқа мемлекетте ме іске асатынын қарастыратын кез
келген дейін.
Иә, мұны істеу керек.
Идеалды және идеалды емес мемлекеттердегі әміршілер мен халықтың өзара қарым-
қатынастары
Сонда не? Барлық өзгедей мемлекеттерде әміршілер мен халық болатындықтан,
олар онда да бар.
Бар.
Олардың бәрі де бір-бірін азаматтар деп атайтын бола ма?
Әрине.
Бірақ "азаматтар" деген атаудан басқаша, қалған мемлекеттерде халық өз
әміршілерін қалай атайды?
Көбінде — "мырзалар" деп, ал демократиялық мемлекеттерде міне осы "әміршілер"
деген атаудың өзі сақталады.
Ал біздің мемлекеттің халқы ше? "Азаматтар" деп айтқаннан басқаша әміршілерді
ол қалай атайды?
"Құтқарушылар" және "көмекшілер" деп.
Ал олар халықты қалай атайтын болады?
"Төлеушілер" және "асыраушылар" деп.
Ал қалған мемлекеттерде әміршілер халықты қалай атайды?
"Құлдар" деп.
Ал әміршілер бірін-бірі?
Қос әміршілер деп.
Ал бізде ше?
Күзеттегі жора-жолдас деп.
Қалған мемлекеттерде әміршілердің әлдебіреуі қос әміршілердің біріне жолдас
ретінде, ал екіншісіне бөтен біреу ретінде қарайтындай жағдайды сен атай аласың ба?
Бұл жиі болып тұрады.
Жақын адамын ол өзінікі санайды және солай деп атайды да, ал бөтенді өзінікі
санамайды.
Жөн.
Ал сенің сақшыларыңда қалай? Олардың арасында жора-жолдастарының
әлдебіреуін бөтен деп есептеп, солай атайтындары табыла ма?
Ешбір жағдайда да. Олардың қай-қайсымен де кездескенде, олардан ол ағасын,
қарындасын, әкесін, шешесін, ұлын, қызын не олардың балаларын әлде аталарын
табады.
Кереметтей жауап! Бірақ тағы міне мынаны айтшы: сен оларға заң жүзінде тек
туысқандық атауды ғана ұстануды немесе атауға сай өзін ұстауды да, — мысалы, өз
әкелерімен қарым-қатынасында әдет-ғүрыптағы жалпы әкелерге қатыстының бәрін де
сақтауды, яғни құрметтеуді, оларға қамқор болуды және, егер олар басқаша істесе, —
онда олардың мінез-құлқы арсыздыққа және әділетсіздікке жатады, — құдайлардан да,
адамдардан да жақсылық болмайды деп қорыққанынан тиісті түрде әке-шешелерін
тыңдауды да алдын ала жазасың ғой. Сонда барлық азаматтардың аузынан ең
кішкентай балалардың құлағына оларға көрсетілген әкелері мен басқа да туысқандары
жөнінде сондай немесе әлдебір басқадай сөздер шалына ма, жоқ па екен?