Page 202 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

202
Еш қалай. Алайда әркім өзінің некеге кірген күнінен бастап оныншы не жетінші
айда туғанды өзінің балалары деп атайтын болады, ал бұлар оны өзінің әкесі деп
атайды; бұлардың ұрпағын ол өз балаларының балалары деп атап, ал олар соған сай
кемпір-шалдарды ата мен әже деп атайды, ал олардың шешелері мен әкелері ұрпақ
жасасқан уақытта туғандардың бәрін олар өздерінің апа-қарындастары және аға-інілері
деп атайтын болады, және де сондықтан, біз әлгінде ғана айтқандай, оларға бір-біріне
жұғысуға жол жоқ. Аға-іні мен апа-қарындастар арасынан бірге тұруға кімге жеребе
тартқанда бұл іліксе әрі Пифия қосымша бекітсе соларға рұқсат етіледі.
Бұл жоғары дәрежеде дұрыс.
Біз екеуміздің мемлекетіміз сақшыларының әйелдері мен балаларының бұл
ортақтығы, Главкон, міне осындай. Ал бұл оның құрылысына бәрінен де жақсырақ сай
келетіні бұл әрі қарайғы пайымдауымызда негізделуі тиіс. Әлде оны қалай істейміз?
Зевспен ант етемін, дәл солай.
Меншіктік мүдделер — әдет-ғүрыптар бүлінуінің себебі сонымен біздің
уағдаласуымыздың басы міне мынау болмас па екен: біз өзімізге өзіміз мемлекеттік
құрылыс үшін ұлы игілік, яғни заң шығарушы соған бола заң қабылдайтын мақсат деп
нені атай аламыз және нені ұлы зұлымдық деп санаймыз? — деген сұрақ қояйық.
Содан соң әрине, рас емес пе, жаңа талдағанымыздың барлығы осы игіліктің ізін
өзінде сақтай ма және шынында да ол зұлымдыққа сай келмейді ме екенін қарастыру
керек болады.
Бұл ең бастысы.
Біздіңше, мемлекет үшін оның бірлігін жоғалтуға және көптеген бөліктерге
бытырауға жетелейтіннен асқан зұлымдық болуы мүмкін бе? Және де мемлекетті
байланыстырып, оның бірлігіне қолғабысын тигізетіннен ұққан игіліктің болуы мүмкін
бе?
Біздіңше, болуы мүмкін емес.
Ал оны, егер әлдене пайда болып немесе қирағанда, заматтардың барлығы дерлік
бірдей қуанатыны сияқты, шаттанудың немесе қайғыруды байланыстырады.
Сөзсіз.
Ал мұндай күйзелістердегі оқшаулық, — мемлекет пен оның тұрғындарының жай-
күйі біреулерді тым қажытқанда, ал басқаларды шаттыққа бөлегенде, — азаматтар
арасындағы байланысты бұзады.
Солай да!
Мемлекетте орынсыз: "Бұл — менікі!" немесе "Бұл менікі емес!" деген дауыстар
міне осыдан барып тумай ма? Және де басқанікі хақында да дәл солай.
Әбден жөн.
Ал қайда көпшілік осылайша және де бірден бір нәрсе жөнінде: "Бұл менікі!"
немесе "Бұл — менікі емес!" дейтін болса, сонда, міне, ең жақсы мемлекеттік құрылыс.
Иә, ең жақсы.
Өз жәй-күйі бойынша жеке адамға ең жақын тұратын мемлекетте де дәл солай:
мысалы, біздің біреуіміз саусағын жаралап алғанда және барлық тәни бастама
толығымен жанға қарай бағытталып, билеуші бастамаға бағынышты бірыңғай түзіліс
ретінде тітіркенгенде, бүкіл дене тұтасымен мұны сезініп, ауырған жерімен бірге
қиналады; сонда біз бұл адамның саусағы ауырады дейміз. Осылай айту адамның кез
келген басқа [сезіміне] де — оның әлдебір жері ауырғандағы қиналысына да және
оның жазылып келе жатқандағы қанағаттануына да — қолданыла алады.
Иә, осының өзі. Міне бұл сенің сұрағаныңның тап өзі болып табылады: осындай
мемлекеттің жәй-күйіне ең жақсы құрылғысы бар мемлекет толығымен жуықтайды.
Мұндай мемлекеттің азаматтарының бірі әлдебір игілік пен зұлымдықты сезінгенде
мұндай мемлекет міндетті түрде, меніңше, бұл оның да өз күйзелісі деп айтатын және
де түгелімен осы азаматпен бірге не қуанатын, не қайғыратын болады.