Page 201 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

201
Барлық дүниеге келген нәрестелер бірден арнайы осы үшін тағайындалған
қызметші адамдардың қарауына түседі, ал бұлар еркек пе, әйел ме немесе олар да
бұлар да ма бәрібір, — өйткені қызметке тұру әйелдер мен еркектер үшін бірдей ғой.
Иә.
Жақсы әке-шешеден туған нәрестелерді алып, бұл адамдар оларды қаланың әлдебір
бір бөлігінде тұратын емізушілерге бөбекханаға апарып тапсырады. Ал жаман әке-
шешелерден не тәни жетімсіздіктері барлардан туған нәрестелерді олар ешкімнің қолы
жетпейтін, құпия жерге апарып жасырады.
Иә, сақшылар сословиесі таза болуы тиіс болғандықтан.
Олар нәрестелердің тамағы жөнінде де қамқорлық жасайды: емшектері иіген
аналарды олар бөбекханаға алып келіп, алайда барлық айла-тәсілмен олардың бірде-
бірі өз баласын танымайтындай жағдай жасауға тырысып бағады. Егер ана сүті
жетпесе, олар басқа да сүтті әйелдерді қатыстырып, олардың жеткілікті уақыт
аралығында емізуін қадағалайды, ал түн ұйқысын төрт болу мен басқа да қиын
міндеттер емізушілер мен бала бағушылардың мойнына жүктеледі.
Сен сақшылардың әйелдеріне балаларды бағуды тым жеңілдетіп жібердің.
Солай болуы керек. Бірақ біз ойластырғанымызды әрі қарай талдайық. Біз ұрпақты
гүлденген жастағы әке-шешелер тудыруы тиіс дедік.
Дұрыс.
Ал бұған сай гүлдену шағы — әйелдер үшін жиырма жас, ал еркектер үшін — отыз
жас екенімен сен келісесің бе?
Сонда қашанға дейін?
Әйел мемлекетке жиырмадан бастап қырыққа дейін тусын, ал еркек — оның
ойнақтауға деген ең жақсы уақыты өткеннен кейін: осы кезден бастап ол елу бес жасқа
дейін мемлекетке ұрпақ өндірсін.
Дұрыс, оларда да және бұларда да бұл тәни әрі рухани гүлдену уақыты.
Егер де олардан жасы үлкен немесе, керісінше, кіші кімде-кім балаларды туу
қоғамдық ісіне араласпақ болса, біз бұл қатені игілікті деп те, әділ деп те
мойындамаймыз: ол мемлекет үшін, егер бұл елеусіз қалатын болса, ұрығы әрбір неке
қиылғанда тәуіпші әйелдер мен еркектер де, бүкіл тұтас мемлекет те жақсы әрі
пайдалы адамдардың ұрпағы әрдайым одан да жақсырақ әрі пайдалырақ болсын деп
дұға қылатын құрмалдықтар шалу мен дұғалар жасаудың таңбасы аясында емес, ал,
керісінше, қара түнек жамылып, көргенсіз шыдамсыздықтың жемісі ретінде себілген
баланы туады ғой.
Бұл анық.
Дәл осы заң, егер әлі де ұрпақ тудыра алатын еркектердің әлдебірі неке жасында
болғанымен олардың қосылуына әміршінің рұқсаты болмаған әйелге соқтыққан
жағдайда да, күшін сақтасын: біз мұндай еркек мемлекетке некелендіру мен
киелілендірудің болмағаны себепті заңсыз нәрестені әкелді деп айтамыз.
Әбден дұрыс.
Әйелдер де және еркектер де ұрпақ тудыруға белгіленген жастан асқанда, мен
ойлаймын, біз еркектерге кіммен де болсын, қызынан, шешесінен, қызының
қыздарынан және шешесі жағынан жасы үлкен туысқандарынан басқаның бәрімен, ал
әйелдерге — баласынан, әкесінен, әрі олардың жасы кіші және жасы үлкен
туыстарынан басқаның бәрімен емін-еркін қосылысуға рұқсат береміз. Бірақ та біз
мұның бәріне рұқсат бергенмен, олар бірде-бір өскіннің жарыққа келмеуіне ерекше
тырысуға тиісті, ал егер олар жағдайдың күшімен бұған мәжбүр болып бала туса,
өздері оны әрі өсіруге тура келмейтіндей шара қолданатын болсын.
Бұл да дұрыс. Бірақ та, сен қазір айтқандай, кімнің кімге әкесі, қызы немесе
туысқаны болып келетінін олар қалайша білетін болады?