Page 200 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

200
Болады.
Сен олардың бәрін де еш ажыратпай ұстайсың ба әлде ең жақсырақтарын ұстауға
тырысасың ба?
Ең жақсырақтарын.
Не сонда? Қайсысының төлі жақсырақ — мүлдем жастарының ба, не мүлдем
кәрілерінің бе, әлде көбіне нағыз күйлі кездегілерінің бе?
Нағыз күйлі кездегілерінің.
Ал егер мұны сақтамаса, онда сен қалай есептейсің — құстар мен иттердің тұқымы
көпке төмендейді ме?
Мен көпке деп есептеймін.
Ал сен жылқы және басқа жануарлар хақында қалай ойлайсың? Онда істің жағдайы
басқаша ма?
Басқаша болса, бұл тым оғаш көрінер еді ғой.
Ay, сүйіктім сен менің, егер де адам баласымен де істің жағдайы осылайша болса,
біздің әміршілеріміз қандайлық, демек, әйгілі адамдар болуы тиіс.
Ол расында да солайша екені солайша. Бірақ бұдан не өнеді?
Онда әміршілерге қайткенде де көптеген әрқилы құралдарды қолдануға тура
келеді. Егер тән дәрі-дәрмекті қажет етпей, адам өзіне таңылған өмір салтын
қалтқысыз ұстанатын болса, онда орташа ғана дәрігер де жеткілікті деп санаймыз біз.
Бірақ дәрілерді қолдану керектігі батылдау дәрігерді қажет қылатынын біз білеміз.
Бұл дұрыс. Бірақ мұны сен несіне айтып отырсың?
Ал мінеки: айтты - айтпады, бұл әміршілерге бізде жиі деуге болады өтірік пен
алдауға жүгінуге тура келеді — олардың билігіне қарастылардың пайдасына бола.
Мұндайлық адамдардың емдік құрал есебінде пайдалы екендігін біз айтып кеткен едік.
Және де бұл дұрыс та.
Тегі, бұл неке қиярда және бала туарда бәрінен де орынды болар еді.
Бұл қалай?
Біздің келісім тапқандарымыздан, әйтеуір біздің шағын табынымыз ең таңдаулы
болуы тиіс екен, ең жақсы еркектердің көбіне ең жақсы әйелдермен табысуы тиіс
екендігі, ал жамандары, керісінше, ең жамандарымен және де ең жақсы еркектер мен
әйелдердің тұқымын тәрбиелеу керектігі, ал жамандардың тұқымын — керек еместігі
шығады. Бірақ бұл солай істелетінін, сақшылар отрядына иненің жүзіндей де
жарықшақ түсірмес үшін, әміршілерден басқа ешкім де білмеуі тиіс.
Әбден дұрыс.
Неке жасына келген қыздар мен жас жігіттерді бірге қауыштыру үшін заң жүзінде
әлдеқандай бір мерекеліктер орнықтыру керек болады, құрылатын некелерге сай
келетін құрмалдық шалулар тағайындап, біздің ақындарға ән мен жырлар жазуға
тапсырыс беру керек. Ал некелердің санын анықтауды біз әміршілерге қалдырайық:
олар мүмкіндігінше соғыстарды, ауруларды және т.б. ескере отырып, еркектердің
санын тұрақты сақтау үшін және біздің мемлекетіміз мүмкіндігінше үлкеймесі және
кішіреймесі үшін.
Бұл да дұрыс.
Ал жеребе тастауды, мен ойлаймын, әрбір неке құрғанда жолы болмаған кісі
әміршілерді айыптамай, бәрін қайтсе де өз тағдырынан көретіндей қылып қиыстыру
керек.
Иә, мұны жасау қажет.
Ал соғыста немесе басқадай өздерін көрсеткен жігіттерді құрметке бөлеп,
марапаттау және оларға әйелдермен қауышуға деген кеңірек мүмкіндік жасау керек,
сөйтіп олар неғұрлым көбірек бүлдіршіндерді туғыздыруы үшін.
Дұрыс.