199
Ол жөнінде де, бұл жөнінде де күмән өте көп болады.
Сен мұнда дәлелдердің үйлесімі керек болады дейсің, ал мен әйтеуір пайдалалығы
турасында сен келіскен екенсің, бұлардың біреуінен болсын жалтарып кетермін деп
ойлап едім: онда маған тек қана бұл орындала ма жоқ па деген туралы айту қалар еді
ғой.
Жоқ, ештеңе де шықпайды, жалтара алмайсың: ол жөнінде де әрі бұл жөнінде де
есеп бергейсің.
Бұл жазаға мойынсұнуға тура келеді. Бірақ маған тым болмаса мынандай
мейірімділік қылшы — маған өзіме өзім мереке қоруға рұқсат етші. Жалғыздан жалғыз
серуендеу кезінде рухани шалқыған адамдар өзді - өздерін осылай жұбатады:
аңсағандары қалай ғана орындалатынын таппай тұрып, мүмкін бе және мүмкін емес пе
турасындағы ойлармен бас қатырып өздерін қинамас үшін олар өздері тілегенді тұп-
тура ғана бар ғой деп топшылайды: тап солай олар арғысын жайғастырып, бұл іске
асқанда не істейтіндерін қуана қарастырады; олардың онсыз да шалқыған көңілі одан
да аса шалқи түседі. Солай мен де осы әлсіздікке салынып, менің де бұл қалай ғана
орындалуы мүмкін деген сұрақты қалдыра тұрып, оны кейін қарастырғым келіп тұр, ал
әзірше бұл орындалады деп мақұлдап, егер сен рұқсат етсең, бұл іске асқанда
әміршілердің қалайша басқаратынын қарастырамын және де мұның бәрінің мемлекет
үшін де, сақшылар үшін де қаншалықты пайдалы болмағын көрсетемін. Алдымен міне
осыны сенімен бірге қарастырып алуға тырысып, ал содан кейін ғана, егер сен рұқсат
етсең, ананы қарастырармын.
Әрине, мен рұқсат етемін. Қарастыра бер.
Егер де біздің әміршілер осындай атауға лайықты болса және олардың көмекшілері
де сондай болса, онда бұл кейінгілері нұсқамаларды жанын сала орындап, ал
алдыңғылары, бірде залдарға бағына отырып, ал енді бірде біздің оларға нені
нұсқайтынымызға еліктеп, — нұсқап отырар еді деп ойлаймын мен.
Табиғи.
Ал сен олар үшін заң шығарушы болғандықтан сақшы - еркектерді сұрыптап
алғаның сияқты, табиғаты бойынша оларға ұқсас әйелдерді де мүмкіндігінше
сұрыптап алып, оларға табыс етесің. Әйтеуір тұратын орындары да, тамақтары да
ортақ болып, бұлар ешкімнің де жеке иелігінде болмайтын болса, гимнасияларда
кездесіп және жалпы алғанда бірдей тәрбиеленіп олар әманда қарым-қатынаста
болатын болса, оларда, мен ойлаймын, туа біткен қажеттілік бойынша бір-бірімен
қосылысуға деген ұмтылыс пайда болды. Әлде, сеніңше, менің айтып тұрғаным
құтылмас нәрсе туралы емес пе?
Бұл геометриялық емес, эротикалық құтылмастық; ол, бәлки, адамдардың көбісін
анадан да гөрі жойқындырақ сендіріп, өзіне еліктіріп әкетеді.
Және де тіпті өте еліктіреді. Бірақ әрі қарай, Главкон, адамдар шаттана өмір сүріп
жатқан мемлекетте жөнсіз жыныстық қатынасқа немесе әлдебір сондай істерге жол
беру бассыздық болар еді, әміршілер де бұған жол бермейді.
Иә,бұл әділдікке жатпайтын іс болған болар еді.
Бұдан әрі, әліміз келгенше, қаншама мүмкін болғанынша, қадір-қасиеті жоғары
некелер құрарымыз анық. Ал қадір-қасиетті болып ең пайдалы некелер табылар еді.
Сөзсіз.
Бірақ олар қайткенде өте пайдалы болар еді? Главкон, сен маған мынаны айтшы:
сенің үйінде мен аңшы иттерді де, көптеген ең асыл тұқымды құстарды да көремін.
Солай міне, Зевс үшін, сен олардың некелік қосылуына және көбеюіне көңіл бөлмеп пе
едің?
Сонда қалай?
Иә алдымен олардың бәрі де асыл тұқымды болғанымен, бірақ олардың арасында
басқаларынан жақсырақтары жоқ па және сондайлары пайда болмайды ма?