198
Ал біз негізін қалаған мемлекетте, сен қалай ойлайсың, қай адамдар бізде жақсырақ
болып шықты - біз талдағандай болып тәрбиеленген сақшылар ма, әлде өз шеберлігі
арқасында тәрбие алған етікшілер ме?
Сұраудың өзі күлкілі!
Түсінемін. Әрі қарай: біздің сақшылар азаматтардың ішіндегі жақсысы емес пе?
Әрине, жақсысы.
Әрі қарай, сол тәріздес әйелдер әйелдер арасындағы жақсысы болып шықпай ма?
Әрине, солай болады.
Ал мемлекет үшін онда ең жақсы әйелдер мен еркектердің болғанынан артық
әлдене болуы мүмкін бе?
Мүмкін емес.
Ал мұны біз талдағандай қылып қолданылған мусикалық өнер мен гимнастика
жасайды.
Күмәнсіз.
Олай болса, біздің мақұлдамамыз тек орындалып қана қоймайды, ол сонымен бірге
мемлекет үшін бәрінен де жақсырақ.
Иә, бұл солай.
Мейлі сақшылардың әйелдері киімдерін шешсін, әйтеуір олардың орнына айбын
шегетін болғандықтан, мейлі олар соғысқа әрі басқаша да мемлекетті қорғауға
қатынассын және мейлі басқа ештеңеге де көңілдері алаңдамасын. Бірақ соның
бәрінде, олардың жынысының әлсіздігінен, әйелдерге еркектермен салыстырғанда
жеңілірек тапсырмалар берілуі керек. Ал бұл түрінде ұлы мақсатқа бола
гимнастикамен айналысатын жалаңаштанған әйелдерді көргенде еркектерден
әлдебіреу күлетін бола қалса, ол өзінің осы күлкісімен "даналықтың піспеген жемісін
үзіп", өзі де, тегі, неге күліп және не істеп жатқанын білмейтін болар. Пайдалы —
әдемі, ал қырсық — ұятты [сұрықсыз] деп өте жақсы айтылып — қайталанып та —
жүр ғой.
Сөзсіз.
Әйелдер жөніндегі заңды талқыланғанда бір толқыннан, сақшы - еркектер мен
сақшы - әйелдер бәрін де ортақтасып орындауға тиіс деп шешерде ол бізді шарпып
өтпесі үшін, біз құтылатындай сияқтымыз деп айтуға болады: керісінше, біздің
әңгімеміз дәйекті түрде бұл мүмкін және пайдалы деген қорытындыға жетелейді.
Шынында да, үрейлі толқыннан құтылып кететін түрің бар сенің!
Бірақ сен арғы жағын көргенде, бұл тек болмашы нәрсе екен ғой деп айтарсың.
Көрерміз, ал сен жалғастыра бер.
Бұл заңнан және басқа да бұрындары қабылданғанынан кейін, менің ойымша, міне
қандайы ілеседі...
Қандайы?
Сақшылардың әйелдері мен балаларының ортақтығы (жалғасы)
Бұл ер адамдардың барлық әйелдері ортақ болуы тиіс, ал әйелдердің бірі де жеке
ешкіммен де тұрмасын. Балалар да ортақ болуы тиіс, әкесі қай бала оныкі екенін, ал
бала кім оның әкесі екенін білмейтін болсын.
Бұл заң анау заңға қарағанда орындалуы мен пайдалылығы хақында әлдеқайда
көбірек сенімсіздік тудырады.
Пайдалылығына келетін болсақ, әйелдер мен балалардың ортақтығы, егерде бұл
тек қана мүмкін болатын болса, ұлы игілік емес деп айтып, оны жоққа шығарулары
екіталай. Бірақ міне мүмкіндігі хақында, менің ойымша, үлкен келіспеушіліктер
туындайды.