Page 197 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

197
Олай болмас!
Мұндай жағдайда, мен ойлаймын, біз бір әйел өзінің табиғи икемділігі бойынша
емдеуге қабілетті, ал екіншісі — жоқ, біреу мусикалық өнерге бейім, ал екіншісі
Музаларға жат деп айтамыз.
Сонда ше?
Ал кей әйелдің, басқасының жаугерлігі мүлде төмен әрі гимнастикалық
жаттығуларды сүймейтін болғанда, гимнастикаға және соғыс ісіне деген қабілеттері
бар болмай ма?
Иә, бұл солай.
Не сонда? Және де бірінің философияға бейім болуы, ал екіншісінің оны жек көруі
мүмкін ғой? Біреуінің рухы қатулы, ал екіншісінің ұстамды болуы да?
Солай да болады ғой.
Яғни, сақшы болуға бейім және бейім емес әйелдер кездеседі ғой. Еркектердің
арасынан да біз сақшы қылып бұған табиғаты бойынша бейімін тандап алған жоқпыз
ба?
Әрине, дәл сондайларын таңдадық.
Яғни, мемлекетті қорғауға еркектерде де, әйелдерде де бірдей табиғи икемділік бар,
тек әйелдерде ол әлсіздеу, ал еркектерде күштірек.
Тап солай.
Яғни, мұндай еркектерге әйелді де сондайдан таңдау керек болады: олар бірге
тұрып, мемлекеттің күзетінде бірге болсын, әйтеуір олар бұған бейім әрі өзі табиғаты
бойынша сақшыларға жақын екен.
Әрине.
Ал өз табиғаты бойынша бірдейлерге бірдей іспен айналысуға мүмкіндік беру
керек.
Иә, бірдей іспен.
Яғни, біз айналып келіп бастапқы жағдайға қайта оралдық және де сақшылардың
әйелдеріне мусикалық өнермен де, гимнастикамен де айналысу мүмкіндігін беру
табиғатқа қайшы болмайтынын мойындайтын болдық.
Тіпті де қайшы келмейді.
Демек, заңды табиғатқа сайма-сай қылып мақұлдағандықтан, біздің
мақұлдамаларымыз орындалмайтын әлдене емес әрі құр ғана бос ниеттерге
тірелмейтін болып шықты. Қайта, көрініп тұрғанындай, бұған кереғар түрде қазіргі
уақытта байқалатыны табиғатқа қайшы келеді.
Соған ұқсайды.
Ал біз болсақ, біздің мақұлдамаларымыз мүмкін бе және олар ең жақсы болып
шықты ма, соны қарастыруға тиіс едік қой.
Иә, солай болатын.
Бірақ біз олардың мүмкін екенін түгел мойындадық.
Иә.
Енді олардың ең жақсы екендігі жөнінде келісімге жетуіміз керек.
Әлбетте.
Әйел сақшы болуы үшін оны оқыту еркектерді сақшы қылатын тәрбиеден басқаша
болмауы тиіс, оның үстіне мұнда сөз бірден-бір табиғи икемділік туралы болып отыр.
Иә, ол басқаша болмауы тиіс.
Ал сенің пікірің қалай міне мынау туралы...
Атап айтқанда?
Сен өз тәжірибеңде бір адам жақсырақ, ал екіншісі жаманырақ екеніне көзің
жетпеп пе еді, әлде сен барлығын бірдей деп санайсың ба?
Тіптен де санамаймын.