Page 196 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

196
басқа себептен: мысалы, біз дәрігер де, тек көңілінде ғана дәрігерлер де бірден-бір
табиғи қасиеттерге ие деп айтқан болатынбыз. Әлде, сеніңше, бұл солай емес пе?
Меніңше, солай.
Ал дәрігер мен ағаш ұстасының табиғи қасиеттері әртүрлі ме?
Әрине.
Яғни, егер әлдебір өнерге немесе басқа бір айналысатын іске деген еркек пен әйел
жыныстары арасында айырмашылық табыла қалса, мұндай жағдайда бұл істі соған
орай не ол, не бұл жынысқа тапсыру керек деп біз айтамыз. Егер де олардың
айырмашылығы тек әйел жынысты бала туып, ал еркек жынысты
ұрықтандыратынында ғана болса, онда бұл біз айтып отырғанға қатынасындағы
әйелдің еркектен айырмашылығын мүлде дәлелдемейді деп айтамыз. Керісінше, бізде
сақшылар да, олардың әйелдері де бірден-бір іспен айналысуы тиіс деп ойлауды
жалғастыра беретін боламыз.
Және де дұрыс ойлайтын боламыз.
Олай болса, бұдан кейін керісінше ұйғаратын кісіге қандай өнерге немесе іске —
мемлекеттік құрылысқа қатысы барлардың ішінен алғандағы - әйел мен еркек
табиғаты бірдей емес екенін, яғни айырмасы барлығын көрсетіп, бізге жайып сал деп
ұсыныс жасаймыз
Әділ талап!
Рас, басқа біреу де, сен сәл бұрынырақ айтқандай: бірден жауап беру қиын, бірақ
ойланып барып ол мұны қиналмай-ақ шешер еді деп айтуы мүмкін.
Мүмкін, ол солай айтар да.
Қаласаң, бұл қарсы тұрушыны бізге ілесе отырып, әйелдерде мемлекеттік
құрылысқа байланысты істерге қарасты ешқандай ерекшеліктер жоқ екенін оған
дәлелдей алатынымызды не дәлелдей алмайтынымызды байқасын деп сұрап көрелік.
Өте қалаймын.
Ал кәні, дейміз біз оған, жауап бер. Сен былай дегенсің: "Біреу әлденеге қабілетті
болып туған, екіншісі — қабілетсіз; біреу әлдебір іске жеңіл үйренеді, екіншісі —
қиыншылықпен; біреу азғана оқыса да, сол оқыған ісінде өте тапқыр болады, ал
екіншісі, қанша оқып жаттықса да, сол оқығанын да игере алмайды. Біреуде оның
тәнінің жағдайы оның рухани дамуына жеткілікті түрде ықпалдасады, екіншісіне ол,
керісінше, тек бөгет жасайды". Табиғатынан әлдебір іске қабілетті болатындар мен
қабілетсіз болатындарды сен осылай бөлдің бе әлде басқаша ма?
Әркім-ақ осылай дер еді.
Ал адамдардың іс-әрекеттерінің ішінен еркектер әйелдерге қарағанда барлық
жағынан да асып түспейтіндей тым болмаса әлдебіреуін білесің бе? Әйелдердің қалай
тоқитыны, құрмалдыққа тоқаш пісіретіні, тамақ жасайтыны туралы айтпай-ақ қойсақ
та болар? Әйел жынысы мұнда бірдеңені біледі деп есептеледі — міне, сол себепті,
егер әйел мұны да тындыра алмайтын болса, онда оны бәрінен де осы үшін күлкіге
көтереді.
Сен дұрыс айтасың; жайлап айтқанда, бұл жыныс ана жыныстан барлық жағынан
да кем түседі. Алайда көптеген әйелдер, жалпы алғанда іс сен айтқандай болғанымен,
көптеген еркектерден көптеген қатынастарда артық келеді.
Яғни, достым менің, мемлекет басындағыларда әлдебір істі әйелге тек қана әйел
болғандығынан, немесе еркекке — тек қана еркек болғандығынан тапсыру әдетінің
болуы мүмкін емес. Жоқ, бірдей табиғи қасиеттер екі жыныстың да тірі жан иелерінде
кездесе береді, және де өз табиғаты бойынша әйел де, сол сияқты еркек те барлық
істерге қатынаса алады, алайда әйел еркекке қарағанда барлық жағынан да әлсіздеу
келеді.
Және де тіпті әлдеқайда.
Сонда барлығын да еркектерге тапсыратын боламыз ба, ал әйелдерге — түкті де?