Page 195 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

195
Онда тұрған не бар?
"Бұл енді сендер жағынан кеткен қате емес пе, еркектер мен әйелдер олардың
табиғаты бойынша күрт бөлектенгеніне қарамастан бір нәрсені орындауы тиіс деп
айтып, сендер өзді-өздеріңе қайшы келмейсіңдер ме?"Өзіңді қорғау үшін, дарақым-ау,
айтар сөз табасың ба?
Бірден мұны жасай қою соншама оңай емес. Бірақ мен біздің дәлелдерімізді қорғау
үшін мүмкін дегенді түгелдей айтып беруді сенен сұрамақпын, қазір де сұраймын.
Міне осыны және осыған ұқсастың бәрін де, Главкон, мен баяғыда-ақ алдын-ала
көре білгенмін, қалай балалы-шағалы болып, оларды қалай тәрбиелеу керектігі туралы
заңға жақындауға қорқақтап, кібіртіктегенім сондықтан болатын.
Зевспен ант беремін, мұның бәрі, байқаймын, жай емес!
Әрине, жоқ. Бірақ іс міне мынада: әлдебіреу кішігірім шомылатын бассейнге
немесе үп-үлкен теңіздің тең ортасына құлай ма, бәрібір ол малтып жағаға шыққысы
келеді.
Әрине.
Міне осылай бізге де малту және біздің осы пайымдауымыздан шығып кетуге
әрекеттену керек, бізді әлдебір дельфин іліп ала ма немесе басқа әлдебір таңғажайып
жолмен құтқарылармыз ба деген үмітпен.
Иә, әрекеттену керегі байқалады.
Ал, басқа бір шығу жолын іздестіріп көрейік. Табиғаты әртүрлі болғанда
айналысатын істері де әртүрлі болуы тиіс деп біз келіскенбіз: ал әйел мен еркектің
табиғаты екі бөлек. Ал енді келіп біз кенеттен табиғаты әртүрлі болса да, адамдар сол
бірден-бір істі орындай алады деп ұйғара бастадық. Біздерді дәл осы жөнінде
кінәраттайды ғой?
Әбден дұрыс.
Иә, Главкон, дауласу өнерінің күші зор!
Қалай, қалай дедің сен?
Кейбіреулер дауда сөз жарыстырып жатырмыз деп емес, пайымдаймыз деп ойлап,
еріксіз дауласуға салынып кетеді ғой. Мұның орын алатын себебі — олардың сөз
болып отырған нәрсені түр-түріне тарамдап, қарастыра алмауында. Сөзге жармасып,
қарсыласы айтқаннан қайшылық іздеп, олар әңгімелесудің орнына дауласа бастайды.
Рас, бұл құмарлық көптеген адамдарға тән. Бірақ қазір шынымен де ол бізге қарсы
бағытталып тұр ма?
Сөзсіз, біз де еріксізден еріксіз осындай соз қайшылығына ұшырадық қой.
Бұл қалай?
Адамдардың табиғаты бірдей болмағанда, олардың айналысатын істері де әртүрлі
болуы тиіс; біз мұны ерлікпен жақтап бақтық, ал дауласуға атаулар сылтау болды: біз
табиғи қасиеттердің түрлік айырмашылығы мен ұқсастығы неде екенін мүлде
қарастырған жоқпыз ғой, табиғаты әртүрлі адамдарға әртүрлі және табиғаты
бірдейлерге бірдей айналысатын істер тағайындағанда оның да бұның да неге жатық
екенін анықтаған жоқпыз ғой.
Расында да, біз мұны қарастырған жоқпыз.
Бізге енді міне, көріп отырғанымыздай, өзді - өзімізге келесі сұрақты беру
мүмкіндігі туып отыр: таз адамдар мен шашты адамдардың табиғи қасиеттері бірдей
ме әлде қарама қарсы ма? Қарама-қарсы деп мойындасақ, онда тағы да сұраймыз: егер
таздар етік тіксе, онда шаштыларға да осыны жасауға мұрсат бола ма, ал егер
шаштылар етік тіксе, таздарға бұл мұрсат па екен?
Бұл туралы сұраудың өзі күлкілі!
Мұның күлкілі болуы әйелдер мен еркектер табиғатының ұқсастығы мен
айырмашылығын жалпы анықтамай, айырмашылығы мен ұқсастығының олардың
немен айналысатынына байланысты түрімен ғана шектелгенге қарағанда, әлдебір