194
Қазір айтқанымыздың көбісі, егер айтылғанға сай орындалатын болса, күлкілі
болып көрінуі ықтимал, өйткені әдет-ғұрыптарға қайшы келетін болады.
Иә, бұл өте күлкілі болып көрінуі мүмкін.
Ал, сенің көзқарасыңша, мұнда бәрінен де не күлкілі? Әлбетте, жалаңаш әйелдер,
және де тек жастары ғана емес, тіпті жасы үлкендері де, палестрада еркектермен бірге
жаттығатынында,— дәлме дәл шалдар гимнасийларда жасайтындай: әрі әжім басқан,
әрі қызығатын түрі жоқ болса дағы олардың қайтсе де құмарлана жаттығатыны бар.
Зевспен ант етемін, бұл күлкілі болып көрінер еді, ең кемінде қазіргі ұғымдар
бойынша.
Әйтеуір біз айтуға бел байлаған екенбіз, мұндай өзгерісті — әйелдерге деген
гимнасийлар, мусикалық өнер және (соңғы кезекте емес) қаруды қолдана білу әрі атқа
шаба білу — мысқылшылдардан, қаншама және қалай да олар күлкіге
айналдырғанымен, қорқып керегі жоқ.
Сен дұрыс айтасың.
Әйтеуір біз айта бастаған екенбіз, қазіргі әдет-ғұрыптардың қатыгездігіне қарсы
шығуымыз керек, ал әзілқойлардан мысқылдауларын тия тұруын сұрап, олардың
естеріне мынаны салу керек: бұдан сәл бұрындары эллиндерде, қазір де варварлардың
көбісінде сияқты, еркектерге жұрт алдында жалаңаш көрінуі ұятты әрі күлкілі деп
саналатын болғанын және криттықтар бірінші болып, ал содан кейін барып
лакемондықтар да, өздерінде гимнасийларды ашқандарында сол кездегі
мысқылшылардың да бұған күлуге деген мүмкіндіктері болғанын. Әлде, сеніңше, бұл
солай емес пе?
Меніңше, солай.
Бірақ тәжірибе жүзінде киімсіз жаттығулар жасау үсті-басыңды киіммен қымтап
алғаннан гөрі қолайлырақ екені анықталғанда бұл көрер көзге күлкілі болудан қалды:
бұлайша әлдеқайда жақсырақ екеніне зерделі дәлелдемелер әбден сендірді ғой. Бұл
пасықтықтан басқа әлденені күлкілі деп санайтын адамның ақылдан бос адам екенін
көрсетеді: мұндай адамның әлденені күлкіге көтергісі келсе, ол күлкіліні ақылы
жоқтық пен кесапаттан емес, әлдебір басқадан көреді; ал әдемілікке. деген
ұмтылысына ден қойғанында, ол тағы да өзіне игілікті емес әлдебір басқа мақсатты
көздейді.
Бұл барлық жағдайларда да дұрыс.
Сонымен, мұнда ең алдымен, орындала ма жоқ па, келісімге келіп, даулы мәселені
— әзілге не шынға бола, әркімнің өзі қалауы білсін, адамзат тегінің әйелдер бөлігі
барлық істерге еркектермен қатар қатынасуға қабілетті ме, әлде ол бұл істердің бірде-
біреуіне қатынаса алмайды ма; ал мүмкін, ол бірдеңеге қабілетті болар да, ал басқа
біреуіне қабілетсіз болар. Сол сияқты әскери іс жөнінде де — оны бұл екі түрдің
қайсысына жатқызуға болады? Жақсылап тұрып қалыпты түрде, тамамдау үшін, дәл
осылай бастағанымыз бәрінен де дұрысырақ емес пе?
Әрине.
Қарсыластарымыздың дәлелі біздің шабуылымыздан қорғаныссыз қалып жүрмес
үшін, басқалардың орнына біз бір-бірімізбен айтыссақ, сен қарсы болмайсың ба?
Бұған ештеңе де бөгет жасамайды.
Біз олардың атынан былай айталық: "Сократ пен Главкон, сендерге бөтен
адамдардың қарсы айтқандары мүлде керегі жоқ: сендер мемлекеттің негізін
қалағанның ең басында-ақ әркім, кім болса ол болсын, өз табиғатына орай тек өз ісін
орындауы тиіс деп мойындаған болатынсыңдар".
Иә, менің ойымша, біз мұны мойындадық. Басқаша қалай болуы мүмкін?
"Ал сонда әйелдер өз табиғаты бойынша еркектерден мүлде өзгеше емес пе еді?"
Қалайша олар өзгеше болмасқа?
"Яғни, олардың табиғатына орай, оларға басқа істі сайлау керек болғаны ғой".