Page 193 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

193
деп қорыққаннан емес (бұл жай ғана балалық болған болар еді), ақиқатты ақсатып
алсам, мен өзім ғана құлағаныммен қоймай өз достарымды да ала кететіндігімнен; ал
бізде сөз болып отырғаны шайқалақтауға мүлде жатпайтын туралы ғой.
Нені айтамын деп оқтанғаныма бола, Главкон, мен Адрастеяға жалынамын!
Әдемілік, ізгілік, әділдік пен заңдылық ісінде сатқын болғаннан гөрі, еріксіз кісі
өлтіруші болу азырақ қылмыс болар деп үміттенемін; мұндай қауіпке достардың
ортасында емес қастардың арасында төзген жақсырақ; мені оданда жұбатпай-ақ
қойғаның артық!
Осы арада Главкон күліп жіберді.
Бірақ Сократ, егер сенің осы пайымдауыңнан бізге жаман болатын болса, — деді
ол, — кісі өлтірген жағдайда істелетіндей қылып, біз сенің кінәңді кешіреміз: сені таза
және бізді мүлде де алдаусыратпайды деп санаймыз. Мейлі делік, батыл сөйле.
Жақсы. Алайда айтылған жағдаятта да кінәсі кешірілген ғана таза, — заң солай деп
үндейді ғой. Ал сонда бұл солай болса, онда, иә, менің жағдайымда да тап солай.
Ту, тым болмаса осы шарттар дерегінде сөйлесейші.
Енді қайтадан бастауға тура келеді; жөні, мана-ақ бәрін де тәптіштеп баяндауым
керек еді. Бәлки, мынау дұрыс болар: еркектердің рөлі толық анықталғаннан кейін,
әйелдердің де рөлін анықтау керек болады, оның үстіне сен сондай кеңес беріп
отырсың ғой.
Біз мұны талдағанымыздай туылған әрі тәрбиеленген адамдарда балалар мен
әйелдерді тыңғылықты түрде ұстаудың және оларға дұрыс қарым-қатынас жасаудың,
меніңше, біздер ең басынан түскен жолдан басқа жолы жоқ. Табындарды қарайлайтын
сақшылар есебінде біз әңгімемізде еркектерді тағайындаймыз деп шештік қой.
Иә.
Идеалдық мемлекеттегі әйелдердің рөлі
Әйелдерді де ұқсас туу мен тәрбиелеуге жатқызып, осыны әрі жалғастырайық та,
бізге бұл жарайды ма әлде жоқ па екенін байқастырайық.
Бұл қалай?
Ал бұл былай: күзетші ұрғашы иттер еркек иттердің күзететінін күзетуге, олармен
бірдей аң аулауға және қалған бәрін де бірге орындауға тиіс пе, әлде, күшіктерді туып
және оларды емізетіндіктен бұған қабілетсіз бе және де, сол себепті, еркек иттердің
үлесіне табындар жөніндегі барлық ауыртпалықтар мен қамқорлық тигенде, олар
тапжылмай үйді қарауылдауға тиіс пе?
Мұның бәрін олар біріге істеуге тиіс. Сонымен бірге әншейінде біз ұрғашы
иттердің еркек иттерге қарағанда күшінің аз екенін ескереміз ғой.
Ал, егер бірдей өсіріліп, бірдей тәрбиеленбесе, әлдебір тірі жан иелерінен бірден-
бір істі орындасын деп талап етуге бола ма?
Мүмкін емес.
Яғни, әйелдерді еркектер істейтін іске қоятын болғандықтан, оларды да сол бір іске
үйрету керек қой.
Иә.
Ал біз еркектерге мусикалық және гимнастикалық өнерлермен айналысуды арнап
едік қой.
Иә. Яғни, әйелдерге де осы өнерлердің екеуімен де айналысуды міндеттендіру
керек, және тағы да әскери іспен; әйелдерді пайдалану да соған сай болуға тиіс.
Сенің айтқандарыңнан солай болып шығады.