Page 192 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

192
Иә, алайда басқа да кездердегі сияқты мұның дұрыстығы түсіндіруді қажет етеді,
мұндай ортақтық қалайша іске асырылады — бұл әрқилы болуы мүмкін ғой. Дәл
қандай жолға меңзеп тұрғаныңды сен міндетті түрде көрсет. Сен бала туу туралы —
балаларды қалай тудырып, бала туғаннан кейін қалай тәрбиелеу туралы — және, сен
айтпақшы, жалпы осы балалар мен әйелдердің ортақтығы туралы әңгіме қозғайды ғой
деп біз көптен күтудеміз. Осы дұрыс жүріп жатыр ма, немесе жоқ па,— біздің
есебімізше, мемлекеттік құрылыс үшін мұның маңызы зор, тіпті шешуші деуге
боларлық. Ал сен әлден бұл сұрақты жеткілікті түрде зерттемей жатып, әлдебір басқа
мемлекеттік құрылысты қарастыруға ауыстың. Міне осы себепті, сен естігендей,
осыны барлық басқалары сияқты қылып талдамайынша саған әрі қарай баруға
болмайды деп шештік біз.
Мені де осы шешімнің қабылдаушылары қатарына алыңдар, — деді Главкон.
Сөзсіз, Сократ, бұл шешімді біздің бәріміз қабылдады деп есепте, — деді
Фрасимах.
Сендер не істеп жатырсыңдар! — дедім мен айқайлап.
Сендер мені бөгелуге мәжбүрлемексіңдер, сөйтіп мемлекеттік құрылыс туралы
ұзынсонар әңгімеге баспақсыздар, біз соған жаңадан ғана кірісіп жатқандай болып! Ал
мен болсам бұл пайымдауды тауыстым ғой деп қуана бастап едім, — егер де сендер
бұрын айтылғанды қанағат тұтсаңдар, маған сол да жеткілікті болушы еді. Сендер осы
ұсыныстарыңмен пайымдаулардың тұтас бір илеуін көтергендеріңізді сезбейсіңдер де
— мұны көре білгендіктен соншама көптіліктен қауіптеніп мана жалтарған болып
едім.
Сеніңше не,— деді Фрасимах, — қатысушылардың бәрі осында әңгімені тыңдау
үшін емес шақа ойнауға келді дейсің ба?
Бірақ әңгіменің де өлшемді болғаны жөн, — деп жауап бердім мен.
Зерделі адамдар үшін, Сократ, бүкіл өмірі мұндай әңгімені тыңдаудың өлшемі
болып табылады, — деді Главкон.
Бірақ іс біздерде емес. Біздің сұрағанымызды өзіңше талдап беруді сен қиын
санамағын: біздің сақшыларымыздың балалары мен әйелдерінің ортақтығы қандай
болмақ, ерекше ауыр деп саналатын туғанынан оқу басталғанға дейінгі уақыт
аралығында жас балаларды тәрбиелеу ісі қалай жүрмек? Осының бәрі қалайша
өткерілмек екенін нұсқап көрші.
Бұған көз жеткізу оңай емес, менің қымбаттым. Біздің бұрындары талдағанымызға
қарағанда мұнда ықтимал емес-ау дегенің одан да көп. Бұл іске асырылады десең
ешкім де сенбес, ал егер бұл іске әбден асырыла қалғанда да, мұның ең жақсы
екендігіне сенбестікпен қараған болар еді жұрт.
Міне сондықтан, қымбатты менің досым, әңгіме жақсы тілектермен шектеліп
қалмас үшін, бұл нәрсені қозғауға батылың бара бермейді.
Батылдырақ бол! Сенің тыңдаушыларың надандар емес қой, олар сенгіш әрі ізгі
ниетті.
Сонда мен айттым:
Сүйіктім, сен осыны мені жұбату үшін айтып отырған жоқпысың?
Шынын айтқанда, иә.
Сен былай мүлде керісіншеге жетесің. Егер де мен өзіме сенімді болып, нені
айтқанымды білемін деп есептесем, онда сенің жұбанышың әдемі - ақ болар еді: кімде-
кім ақиқатты білетін болса, оны түсінетін әрі оған қымбатты адамдар арасында ол
өзіне ең ұлы және қымбатты заттар жөнінде батыл да жалтақсыз сөйлей алар еді;
алайда адамды, мені сияқты, күмәндар мен ізденістер билесе, ал ол пайымдарымен
сөзге шықса, онда оның жағдайы жайсыз әрі үрейлі — мен күлкіге ұшыраймын ғой