191
Мемлекеттік құрылымның қанша түрі болса, жан құрылымының түрлері де сонша
болатын сияқты.
Олар сонда нешеу?
Мемлекеттік құрылыстың бес түрі және жанның бес түрі.
Қандай екенін айтшы?
Менің пайымдауымша, мемлекеттік құрылымның бір түрін жаңа ғана
қарастырғанбыз, бірақ оны екі түрлі атауға болады: егер билеушілер
арасындағылардың біреуі жеке дара көрінсе, онда оны патша билігі деп атаймыз, егер
билеушілер бірнеше болса, онда ол аристократия деп аталады.
Дұрыс.
Мен мұны жеке түр ретінде белгілеймін. Билеушілер көп бола ма, әлде біреу ғана
ма — біз жоғарыда айтып өткен тәрбие мен білім беруді қолданып тұрғанда олар
маңызды заңдарды бұзбайды.
Әрине, бұзбайды.
Бесінші кітап
Дәл осы тектес мемлекет пен мемлекеттік құрылысты, сол сияқты жеке адамды да, мен
жақсы әрі дұрыс деп атаймын, ал барлық басқаларын (түрлерін), мұндай мемлекетті дұрыс
деп тапқан екенбіз, мен жаман деп санаймын: олардағы мемлекеттік басқару да,
жекеленген адамдардың жан дауасы да қате. Кесапат мемлекеттік құрылыс түрлері төртеу.
Ал дәл қандай? — деп сұрады Главкон.
Мен солар туралы олардың бір-біріне өту тәртібі, меніңше, қандай болса, сол тәртіп
бойынша айтпақ болып оқтанып жатқан едім. Сол арада Полемарх — ол Адиманттан сәл
әрірек отырған болатын — қолын созып, оның иығындағы плащтан ұстап, өзіне қарай
бүгіп алды да, еңкейіп оның құлағына әлденені сыбырлай бастады. Тек: "Оны тыныш
қалдырайық па әлде не істейміз?"— дегенін ғана менің құлағым шалды.
Ешбір жағдайда да қалдырмаймыз, — деді Адимант енді дауыстап.
Сонда мен:
Сендер соншама нені қалдырмаймыз деп жатырсыңдар?— деп сұрадым.
Сені, — деп жауап берді Адимант.
Мен:
Ал бұл сендер үшін не себепті соншама маңызды?— деп сұрадым қайтадан.
Сақшылардың әйелдері мен балаларының ортақтығы туралы мәселенің қойылуы
Сен, — деді ол, — біздің байқауымызша, өзіңді қинағың келмей талдаудан
қашқақтап, біздің әңгімеміздің тұтас бірталай бір бөлімін білдірмей ғана тастап кетіп
барасың. Әлде сенің әйелдер мен балалар жөнінде достарда барлығы да ортақ болады
деп жанамалап қана айтып кеткеніңді біз ұмытты деп ойлайтын шығарсың?
Ал сонда, Адимант, бұл дұрыс емес пе?