190
Бұның бәрі бір нәрсе.
Яғни әділетсіздік деген не, әділеттілік деген не екені анықталғаннан кейін
әділетсіздік жасау мен қылмысқа бару, оған қарама-қарсы әділетті болу — оның
барлығы әбден анық болды емес пе?
Ол анықталып па еді.
Әділеттілік пен әділетсіздік дені сау, немесе аурулы бастаулардан айырмасы жоқ,
тек олар денеде, ал бұлар жанда.
Қалайша?
Дені сау бастау денсаулық әкеледі, аурулы — ауру әкеледі.
Иә.
Әділетті іс-әрекет әділеттілікке, ал әділетсіз — әділетсіздікке алып келмей ме?
Сөзсіз.
Денсаулық беру деген денелік бастаулар арасында үстемдік және бағынудың
табиғи қатынастарын орнату болып табылады десек, ауру табиғатқа кереғар олардың
үстемдік пен бағыныштылығын білдіреді.
Ол солай.
Яғни, жанға әділеттілік енгізу деген оның бастауларының билігі мен
бағыныштыларының табиғи қатынастарын орнатуды білдіреді, ал әділетсіздікті енгізу
— бір бастауды екіншісіне үстемдігін жүргізу немесе біреуін екіншісін табиғатына
қарсы бағындыру болып табылады.
Әбден дұрыс.
Сөйтіп, қайырымдылық — ол денсаулық, сұлулық, жанның жадырауы, ал
әдепсіздік — ауру, бейбастықтық (масқара) және әлсіздік.
Иә, ол солай.
Жақсы әдеттер қайырымды болуға, ал жамандары — әдепсіз болуға әкелмей ме?
Міндетті түрде.
Енді бізге жасырын түрде ме, жоқ па, оған тәуелсіз, әділетті істер жасау, жақсы
әдеттерге ие болу және жалпы әділетті болу тиімді ме, әлде жазалану қаупі жоқ болса
да қылмыстар жасап, әділетсіз болу тиімді ме, — осыны зерттеу қалып түр.
Бірақ, меніңше, Сократ бұндай зерттеу жасау енді күлкілі сияқты: мейлі әр түлі
тамақтар, ішімдіктер, әр түрлі байлықтар мен биліктер болсын егер адамның табиғи
денесі жарақаттанған болса, оның өмірі өмір болмай кететіні сияқты немен өмір
сүретін болсақ, соның табиғаты жарақаттанса және бұзылса, оның өмірі қандай
болмақ? Егер ол тек әдепсіздік пен әділетсіздіктен құтылуға және әділеттілік пен
қайырымдылыққа жетуге көмектесетіннен басқа ойына келгеннің бәрін істей берсе. Біз
бір жағында да екінші жағын да жақсы қарастырдық қой.
Иә, бұл күлкілі болды; дегенмен бәрі жақсы көрінетін шамаға жеткеннен кейін
бізге артқа шегінуге болмайды.
Зевс атынан ант етемін, кейін шегіну — бәрінен де жаманы.
Онда мұнда кел, мынаған қара, меніңше, әдепсіздік қанша түрге ие болған: оған
қарау керек сияқты.
Мен сенің соңыңнан ілесемін, ал сен жалғастыра бер.
Шынымен де бұл жерден біздің әңгімеміздің арқасында көтерілген бақылайтын
мұнарадай қайырымдылықтың тек бір түрі бар сияқты, ал әдепсіздіктің түрі соншама
көп; төртеуі туралы айта кеткен жөн.
Сен не туралы айтып тұрсың?
Жан құрылымының бес түрінің мемлекеттік құрылымның бес түріне сәйкес келуі