188
Сонымен, пайымдау қабілеттері ғана үстем болуға лайық, өйткені даналық пен жан
дүниеге деген түгелімен қамқорлық оның ісі, өрлі рухтың бастауы оған бағынуы және
онымен одақтас болуы қажет.
Әрине.
Біз айтып өткендей мусикалық өнер мен гимнастиканың байланысы бұл екеуін
үйлестікке әкелетіні рас емес пе? Ол пайымдау қабілетін жылдам етеді және оны
тамаша сөздер мен ғылыммен толықтырады, ал өрлі pyx бастауын әлсіретеді,
сөздермен жібітіп, үйлесімдік пен ырғақ арқылы тыныстандырады.
Әбден дұрыс.
Осылай тәрбие алған бұл екі бастау үйретілген және шынайы өз орнын біледі,
ындындық бастауды басқарады - ал бұл соңғысы әрбір адам жанының үлкен бөлігін
құрайды және денелік ләззаттар есебінен күшейіп және өз міндетін атқаруын ұмытып
кетпес үшін оны бақылап отыру керек: әйтпесе, ол өзіне туысқан еместілерді езгіге
салып, өзіне бағындыруға тырысуы мүмкін, сөйтіп, барлық бастаулардың тіршілік
көздерін бұрмалайды.
Әрине.
Осы екі бастау жан дүниені толығымен және денені сыртқы жаулардан тамаша
қорғар еді: біреуі — кеңестерімен, екіншісі — қарулы қорғанысымен; ол басқарушы
бастаудың соңынан ілеседі және ер жүректілікпен оның шешімдерін орындайды.
Ол солай.
Біз ержүректі деп әрбір жеке адамды оның тегеуірінді рухы қандай екендігіне және
қауіпті немесе қауіпсіздігі бойынша пайымның нұсқауын қайғыда да, қуанышта да
орындайтынына қарап айтамыз.
Ол дұрыс.
Ал дана деп әрқайсымызда аздап басымдық танытатын және осы нұсқауларды
беруін атаймыз, яғни ол әрбір жеке бастау мен жалпы үш бастаудың бәріне жарайтын
білімге қол жеткізген.
Әрине.
Парасатты деп бұл бастаулардың ынтымақтастығы мен үндестігіне қарап
айтпаймыз ба? Онда жетекші бастау және оған бағынатындар ортақ пікірге келіседі, ал
зерделі бастау басқаруы керек және оған қарсы төңкеріс жасауға болмай ма?
Шынымен де, мемлекет пен жеке адамның парасаттылығы жоғарыда айтылғандар,
басқа ешнәрсе емес.
Бірақ біз жоғарыда айтқандай осылардың арқасында адам әділетті болады.
Міндетті түрде.
Неге? Әділеттілік деп біз мемлекеттегіні мойындағанымыз емес, басқа бір нәрсе
болып шығуы мүмкін емес пе?
Меніңше, жоқ.
Егер біздің жанымызда кейбір күмән болатын болса, онда біз оны кәдуілгі өмірден
мысал келтіріп толығымен тарқатып жібере аламыз.
Ол қандай?
Егер бізге өзіміздің мемлекетіміз бен тиісті тәрбие алған табиғаты бойынша оған
ұқсас жеке адам арасындағы келісімге келу керек болса, оған мынандай мысал: мен
осындай адамға алтын мен күмісті сақтауға беретін болсақ, ол оларды ұрлай ма?
Осындай емес адамға қарағанда ол мұны тезірек істейді деп кім есептейді?
Ешкім.
Қасиетті нәрсені қорлаудан, ұрлықтан, сатқындықтан ол алыстау. Олар оның
жақын достарына байланысты ма, әлде мемлекеттік өмірге байланысты ма?
Иә, ол оның бәрінен алыста.
Ол әрине антты да және әр түрлі келісімдерді де бұзбайды.