186
Дәл осылай кім садақ ататын болса, ол бір уақытта садақты әрі өзіне қарай және
өзінен әрі тарта алады десек, ол сәтсіз айтылған сөз болар еді. Былай деген дұрыс: "Бір
қолы өзіне тартады, екіншісі қарсы жаққа".
Дәл солай.
Біз шөлдеген адамдар кейде ішуден бас тартады дей аламыз ба?
Тіптен көптеген адамдар және өте жиі.
Олар туралы не айтуға болады? Олардың жүрегінде сусындауға ұмтылдыратын бір
нәрсе бар, бірақ екінші нәрсе ішуге шек қояды, сол ұмтылдыруды жеңе алады.
Меніңше солай.
Осы шек қоюшы, егер пайда болса, пайымдау қабілетінің арқасында, ал бұған
ынтықтырған нәрсе мұқтаждықтардың қинауы мен аурулардың нәтижесінде пайда
болмай ма?
Солай шығар.
Біз осы бастаулардың екі ұдайлығын және бір-бірінен айырмашылығы бар екенін
мойындайтынымыз негізсіз емес: соның біреуін, яғни адамның пайымдау қабілетін біз
жанның зерделі бастауы деп атаймыз, ал екіншісін, адам сол арқылы ғашық болады,
ашығу мен шөлдеуін сезінеді және басқа да ындынға беріледі. Оны біз әр қилы
рақаттану мен ләззаттанудың жақын досы болып есептелетінді ындын және зердесіз
бастау деп атаймыз.
Оны мойындау тек қана дәйекті ғана емес, сонымен қатар табиғи да болар еді.
Осы жанға тән екі түрді біз айыра білейік. Ал енді рухтың өрлігіне келетін болсақ,
біз содан ашу мен ызаға батамыз, онда үшінші түрге жата ма, әлде ол алдындағы
екеуінің бірімен бір тектес пе?
Ол екіншісімен, яғни ындынмен бір тектес сияқты.
Аглайонның баласы Леонтий Пирейден қайтып келе жатқан жолда солтүстік
қабырғаның сыртында жендеттің аяғының астында өліктердің жатқанын көргенін
маған айтты және мен оған сенемін. Ол оған қарағысы да келді, сонымен бірге оған
жиренішті те болды, сондықтан ол теріс айналды. Бірақ ол қанша күрессе де, бетін
жапса да ындын одан күштірек болғандықтан ол өліктерге жүгіріп барды, көзін кеңірек
ашып, "Міне, оңбағандар, мына керемет көрініспен тойыңдар!"— деп айқайлап
жіберді.
Мен ол туралы естідім.
Бірақ бұл әңгіме көрсетіп тұрғандай ашу-ыза кейде ындынмен күреске түседі, яғни
олардан айырмашылығы бар.
Шынымен де.
Иә, басқа да мысалдардан біз байқағанымыз ындынға берілген адам пайымдау
қабілетіне қарамай өзін-өзі сөгеді және өзінде орныққан зорлықшыларға ашуланады.
Бұндай адамның ашуы бұл тайталаста зердесінің одақтасына айналады. Зерде тежеп
тұрғанда ашу тілекпен бірге болу дегенді сен байқамаған сияқтысың, шыныңды айтшы
өзіңнен де басқадан да?
Зевспен ант етемін, байқаған емеспін.
Әрі қарай. Адам өзі әділетсіздік жасағанын білгеннен соң, ол неғұрлым адал болса,
солғұрлым онда өзін аштыққа, суыққа және басқа да қиындықтарда қалдырғанды
кінәлаудан аулақ болады: ол оның ашуын туғызбайды — міне не туралы айтамын.
Дұрыс.
Ал егер ол өзіне қатысты әділетсіздік істелді деп түсінсе, ол қызбаланады,
ызаланады, әділетті деген адамға одақтас болуға ұмтылады. Сол үшін ол аштықты да,
суықты да және басқа да қиыншылықтарды көтереді, тек жеңу үшін: ол өзінің игілікті
ұмтылыстарынан бас тартпайды — не қол жеткізу керек, не өлуге болады, оны өзінің
пайымдауының дәлелдері ымыраға келтіріп, малшының өз итін шақырғаны сияқты
кейіпте көрсетсем, ол сені қанағаттандырады ма?