Page 185 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

185
Көбірек артығырақ болу көбірек кемірек болғанмен салыстырғанда ғана өзіндік
мәнге ие. Солай емес пе?
Иә.
Бір кезде көбірек болған бір кезде азырақ болғанның көбірегі емес пе? Болашақта
артығырақ болу болашақтағы азырақ болудың негізінде қаланады емес пе?
Ал басқаша қалай?
Тек көп болудың өзі де аз нәрсеге байланысты, екі есе нәрсе жартысымен
салыстырылғанда анықталады, әрі қарай да солай, сөйтіп, ауыр нәрсе жеңілмен,
жылдам — шабандаумен, ыстық — суықпен және басқалары да осылай
салыстырылады. Әлде солай емес пе?
Әрине, солай.
Біздің білімдеріміз туралы не деуге болады? Онда да солай емес пе? Білім өзінше
алғанда зерттелетін нысанмен қатынаста болады, қандай нәрсе туралы біз білімді
қозғасақ та: ол кез-келген бір нәрсеге телінеді. Менің айтайын дегенім мынау: адамдар
үй салуды үйренгенмен кейін бұл білім басқаларынан бөлектеніп құрылыс ісі деп
аталады.
Ал осы нені білдіреді?
Яғни, олай деп атауының себебі басқа білімдердің оған ешқайсысы ұқсамайтын
болғандықтан.
Иә.
Білім пәнінің қасиеттері қандай болса, білім де сондай. Басқа білімдер мен
өнерлерге байланысты да жағдай сондай.
Ол солай.
Егер сен нәрселердің сапалы өзара қатынасы дегенді түсінсең, онда мен де осыны
айтқым келді деп есепте: өздігінде олар өздерімен өздері салыстырылады, ал басқа
нәрселермен өзара қатынасы сол басқа заттардың қасиеттерін қабылдайды. Бірақ мен
олардың немен қатынаста болса, соған ұқсастығы бар дегім келмейді. Мысалы, ауру
мен денсаулықтың не екенін білгеннен ол білімнің өзі де аурулы немесе денсаулықты
бола қоймайды, ал зұлымдық пен игіліктің не екенін білу білімнің өзін жақсы немесе
жаман етпейді. Нысан туралы білім сол нысанға айнала алмайды, ол нысанның
қасиеттерімен — бұл жерде денсаулық пен аурудың қасиеттерімен қатынаста болады,
әрі сол қасиеттермен анықталады: осыған сәйкес бұл білімді біз жай білім ғана
демейміз, бірақ оған келген кірме қасиет бойынша емшілік өнері дейміз.
Мен түсіндім, меніңше, мәселе осында.
Ал шөлдеуді осындай нәрсеге жатқызбайсың ба? Ол өзінің өздігінде басқа
нәрселермен қатынаста болмай ма? Бұл жерде шөлдеу қалай болады?
Иә, онымен ішуге қатынасында алып қарар едім.
Белгілі бір сусындауға сәйкес шөлдеу бар, ал өзінше көп, не жақсы, не жаман
сусындауға, яғни ешқандай қасиетіне бағытталмаған: шөлдеу өзінше алғанда ішумен
байланыста.
Адам жанының үш бастауы
Яғни шөлдеген адамның жаны сусындаудан басқа ешнәрсені қаламайды, ол оған
ұмтылады, талпынады.
Ол анық.
Ал егер қанша шөлдеп тұрса да оны бір нәрсе ұстап тұрады, яғни оның сусындауға
ұмтылған андай аңсары ауғанмен ындынынан басқа бірнәрсесі бар. Біз бір нәрсе бір
уақытта өзінің бір бөлігінде, бір нәрсеге қатысты қарама-қарсы істер жасай алмайды
дейміз ғой.
Әрине, жоқ.