Page 184 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

184
Бірақ біз мұндай кейбір түсініксіз нәрселерді қарастырмау үшін және олардың
дұрыс емес екендігін ұзақ дәлелдеп жатпас үшін осылай деп келісіп, алға жылжиық.
Ал егер жағдай өзгерсе, онда одан туындаған нәтижелер де керексіз болып қалады.
Иә, солай жасау керек.
Әрі қарай: келіскендікті білдіріп бас изеу және келіспей басты шайқау; өзіңе
жақындату мен өзіңнен тыстан бой тартуды және осыған ұқсас нәрселерді бір-біріне
қарама-қарсы іс-қимылдар мен жағдайлар ретінде қабылдамаймысың?
Әрине, олар бір-біріне қарама-қарсы.
Әрі қарай: шөлдеу мен аштықты және жалпы ындынды, сонымен қатар тілек пен
қалауды — міне осының бәрін жаңа біз айтқан түрлерге жатқызбайсың ба? Мысалы,
ындынды адамның жаны өзінің құмарлығы кеткен нәрсесіне ұмтылмай ма немесе
өзінің қалағанын өзіне тартпай ма? Немесе басқа мысал: ол өзі қалаған нәрсесін алу
үшін, өзіне-өзі келісім жасағанның белгісіндей және біреу мұны сұрағандай басын
изейді және өз тілегіне жетуге ұмтылады емес пе?
Иә, мен дәл солай деймін.
Әрі қарай не? "Қаламау керек пе?", "құмарлық керек емес пе?", "тілемеу керек пе?"
— біз мұның бәрін "әрі итеруге", "қабылдамауға", яғни қарама-қарсыға жатқызбаймыз
ба?
Әрине.
Солай болатын болса, онда ындынның ерекше түрі бар, ал оның мықтысы шөлдеу
мен ашығу емес пе?
Иә.
Біріншісі шөлдеу болғандықтан соған тоқталамыз. Онда адамның жаны жоғарыда
айтылғаннан басқа қосымша тілектер пайда бола ма? Басқаша айтқанда міндетті түрде,
ыстықты немесе суықты, коп немесе аз, әйтеуір, белгілі бір сусынды ішуге тырысу
тілекке жата ма? Егер адам ыстықтай бастаса суық нәрсені ішуге, егер ол тоңа бастаса
ыстық нәрсені ішуге тырыспай ма? Егер таңдайтын сусындар әртүрлі болса шөлдеудің
де әр қилы сипаты байқалады: адам көп нәрсені қалай бастайды; ал егер жай шөлдеу
болса, онда көп қалаудың қажеті жоқ. Бірақ шөлдеу өзінше басқа нәрсеге ындын
болмайды, ол тек ішуді ғана қалайды, ал ашығу да өзінше табиғи қасиеті бойынша
жеуге ұмтылдырады.
Сонымен,— деді ол,— әрбір ындын өзінше алғанда жеке өзінің табиғатына сәйкес
келетін нәрсеге ғана бағытталады. Әр түрлі күйдегі нәрсеге құмарлық сырттан
қосылған дүние сияқты.
Дегенмен кейбіреу біздің аңғалдығымызды пайдаланып, ешкім жай ғана ішуді
емес, тек ішуге жарайтын нәрсені ішуді қалайды, жай тағамды ғана емес, жеуге
жарамды тағамды жеуді қалайды деп ұялтып жүрмесін. Өйткені жұрттың бәрі жақсыға
құмар. Егер шөлдеу ындын болатын болса, онда ішуге болатын нәрсені қалауы керек,
немесе адамның ындыны неге бағытталса сол қажет дегенді білдіреді. Барлық нәрседе
де осы жағдай.
Демек, бұл іскерлі қарсылық болар еді. Мұндай сына пікірдің негізі бар сияқты.
Бірақ ол бір нәрселермен салыстырылатын заттарға қатысты: оларда мынандай
қасиеттердің болу себебі онымен салыстырылатын нәрседе де сондай қасиеттер бар, ал
оларды өзінше алғанда олар өздеріне ғана толық сәйкестік қатынаста.
Мен түсінбедім.
Сенің түсінбегенің бір нәрсенің көбірек болуының себебі ол басқа бір нәрседен
көбірек болғандығынан емес пе?
Әрине.
Азырағымен салыстырғанда емес пе?
Иә.