Page 183 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

183
Ал маған одан бетер.
Ұнжырғаң түспесін, әрі қарай қарастыра бер.
Біздің әрқайсымызда мемлекеттегідей адамгершілік қасиеттер бар екенін сөзсіз
мойындау керек емес пе? — дедім мен. Басқаша түрде олар қайдан келеді? Рухтың
тегеуіріндігі сияқты қасиет кейбір мемлекеттерде олардың кейбір өкілдерінде сондай
болғандықтан емес деген ой күлкілі болар еді: міне сондай жағдай Фракия, Скифия
және басқа да солтүстік жерлерінің тұрғындарына тән болып келеді, ол біздің
өлкеліктердің қызығушылығынан танылады. Финикиялықтар мен египеттіктерде
пайдакүнемдік көбірек болады.
Тіптен көп байқалады.
Иә, қиын емес.
Білуі қиын мынау: біздің іс-қимылымыз бір қасиетке байланысты ма, әлде бұл
қасиеттер үшеу болғандықтан олардың әр қайсысы ерекше іс-қимылға шақыра ма? Біз
қасиеттердің біреуі арқылы танып білеміз, ал ашу-ыза екіншісімен байланысты,
үшінші қасиет тамақтанудан, баланы дүниеге әкелуден және соған ұқсас нәрселерден
рақаттану іздеуге итермелейді. Немесе өзімізде осындай сезімдер оянғанда біздің әрбір
іс-қимылымыз жанымыздың тұтастай алғандағы күйінен туындайды емес пе? Міне бұл
нысанға лайықты түрде осыны анықтау қиын.
Меніңше де солай.
Бұл қасиеттер бір-бірімен сәйкес келе ме, әлде айырмашылығы бар ма, соны
анықтайық...
Біз оны қалай анықтаймыз?
Сәйкес келетін нәрсе ол өзінің сәйкестігін қарама-қарсы келетінді және оған қарсы
нәрсені бір уақытта жүзеге асырып, сынай алмайды. Сондықтан бұл жерде
байқайтынымыз бір ғана нәрсе емес, ол көп нәрсе.
Солай болсын.
Қараңыз, мен неге меңзеймін.
Айт.
Бір нәрсе бір жағдайға байланысты бір мезетте әрі тұрып әрі қозғалуы мүмкін бе?
Ешқандай.
Түсінбестік болмас үшін алдын-ала дәлірек анықтап алайық. Егер адам қозғалмай
тұрса, бірақ ол қолдарын және басын қимылдатып жатса, онда бұл адам бір орында
тұр. Бірақ сонымен қоса қозғалуда дейді. Бірақ біз бұлай деумен келіспес едік. Бұл
жерде оның бір жері қимылдайды, ал екінші жері қозғалмайды деу керек сияқты.
Солай емес пе?
Солай.
Бірақ кім бұлай десе, ол одан бетер күлкілі және тапқыр мысал келтірер еді:
зырылдауық бір уақытта бір жерде тұр, сонымен қатар ол қозғалады, яғни айналады,
бірақ оның ұшы бір жерге тірелген. Одан басқа орнын ауыстырмай бір жерде
айналатын заттардан мысал келтіруге болады. Бірақ біз оның бәрін қояйық, өйткені ол
бір орында тұр және бір бағытта қозғалып тұрған жоқ. Біз оларда түзулік пен
шеңберлік бар дейміз: олар ешқайда бұрылмай бір бағытта тұрады, ал шеңбер
бойынша айналады. Шеткі қозғалысы сақталған жағдайда тіке бағыт оңға және солға,
алға және артқа ауысады, онда бұл заттар бір жерде тұр деп айтуға болмайды.
Бұл дұрыс.
Сонымен өзінің өзіне сәйкестігіне қарама-қарсы келетін және оған қарсы болатын
нәрсе сияқты жағдайды сезінетіндей күй болса да бізді бұл келтірілген мысалдар
шүбәландырмайды және пікірімізді өзгертпейді.
Мені бұған сендіре алмайды.