Page 182 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

182
талаптанса, немесе сарбаздардың бірі кеңес мүшелігіне, әлде сақшы болуға өтіп кеткісі
келсе және оның үстіне олар қаруларын, атақтарын бір-бірімен ауыстырса, немесе бір
адам осының барлығын бір уақытта істегісі келсе, онда осындай ауысудың, өз ісіне
емеске араласудың мемлекетке нағыз зауал екені белгілі.
Толық күйреу.
Яғни осы үш сословиенің басқа істерге араласуы бір сословиеден екіншісіне өтуі —
мемлекет үшін үлкен залал және қылмыстың ең жоғарғысы деп есептеуге болады.
Шын сөз.
Өз мемлекетіңе деген жоғарғы қылмысты әділетсіздік деп атамайсың ба?
Әрине.
Яғни бұл дегеніңіз әділетсіздік. Тағы айтып көрелік: оның қарама-қарсысы
әділетсіздік, ал барлық сословиелердің, яғни ептілердің, көмекшілердің және
сақшылардың тиісті істерді атқаруы және өз ісіне адалдығы мемлекетті әділетті етеді.
Меніңше, істің жөні осындай.
Бұны біз батыл түрде айта алмаймыз, бірақ, бұл пікір әрбір жеке адамға сәйкес
келсе, онда сол жерде әділеттілік орнайды, міне, сонда біз де келісеміз, өйткені, онда
бізге басқаша зерттеу керек. Ал, енді біз өзіміз ойлағанымыздай қарастыруымызды
аяқтайық: біз алдымен әділеттілік жүзеге асатын үлкен нәрсені бақылағымыз келсе,
онда біз жеке адамнан оны байқауымызға болады. Біз мемлекетті ірі нәрсе деп есептеп,
оны қолымыздан келгенше қалыптастырумен айналыстық, өйткені, кемелденген
мемлекетте әділеттілік орнайтынын білеміз.
Біз сонда тапқанымызды енді жеке адамға ауыстырып көрелік. Егер сәйкес келсе
өте жақсы, егер жеке адамда басқа нәрсе байқалса, онда біз мемлекетті зерттеу арқылы
оны тексереміз. Мүмкін осы жақындастыру арқылы, екі кесек ағашты бір-бірімен
үйкегендей әділеттілік отын жағуға себепкер боламыз және ол анық болғаннан кейін
оны өзімізде берік нығайтамыз.
Сен айқын жолды көрсетіп тұрсың, сондықтан солай істеу керек.
Егер біреу бір нәрсемен үлкенді де кішіні де атаса, онда осы атаулар арқылы-ақ
ұқсас емес пе? Немесе олар бір-бірімен ұқсас қой?
Ұқсас.
Яғни әділетті адамның әділетті мемлекеттен өзінің әділеттілік идеясы бойынша-ақ
айырмасы болмайды, керісінше, ол онымен ұқсас.
Иә, ұқсас.
Оның үстіне біз мемлекетті әділетті деп өз табиғаты бойынша үш түрлі
сословиелердің әрқайсысының өз ісімен айналысуына байланысты деп санадық. Ал,
мемлекетті біз парасатты, ержүректі және данагөй деп осы сословиелердің өкілдерінің
қасиеттері мен жағдайларына сәйкес келуіне байланысты атадық.
Дұрыс.
Яғни, менің досым, біз жеке адамды да осылай қарастырамыз: оның жанындағы
нәрселер де мемлекеттегідей, сондықтан осы жағдайларға байланысты оларға осындай
белгілер берген жөн.
Бұл сөзсіз болатын нәрсе.
Қымбаттым менің, айтатыны жоқ, қарапайым нысанды қарастыратын болдық!
Мәселе жанда: онда үш нәрсе бар ма, жоқ па?
Меніңше, бұл оңай нәрсе емес, өйткені, "әсемдік қиын" деген сөз дұрыс айтылады.
Солай шығар. Главкон, менің пікірімше, өзіміздің қарастыруларымызда қолданған
тәсілдермен бұл нысанды сондай дәлдікпен ашып бере алмаймыз — оған ұзақ жол бар;
дегенменде, біздің жоғарыдағы айтқандарымызға және қарастырғандарымызға
лайықты сияқты.
Бұл бізге жеткілікті емес пе? Мен үшін бұл жақсы болар еді.