Page 181 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

181
Онда тыңда және бағасын бер. Біз басында мемлекет орнатқанда бұны тұтастық
үшін жасау керек екенін белгіледік. Осы тұтастық — әділеттілік немесе оның бір түрі.
Біз әрбір жеке адамның мемлекетке керек жеке бір іспен айналысуы керектігін
белгіледік. Әсіресе, ол өзінің табиғатынан не нәрсеге қабілетті болса, сол іспен
айналысуы керек.
Иә, біз солай дедік.
Бірақ, өз ісіңмен айналысу және басқаның ісіне араласпау — бұл әділеттіліктің өзі,
оны біз көптеген басқа адамдардан естідік және өзіміз де жиі солай деп айттық.
Иә, айтқанбыз.
Міне, досым, әркімнің өз ісімен айналысуын әділеттілік деп атай аламыз. Мен неге
бұлай деймін, білесің бе?
Жоқ, түсіндірші.
Меніңше, біздің мемлекеттің өзіміз қарастырған парасаттылық, ер жүректілік,
зерделілік қасиеттерінен басқа олардың ішінде болатын және сақталатын нәрсе
болады. Біз тапқан үш қасиеттерден кейінгі қалдықты әділеттілік деп атаймыз дедік.
Әрине.
Бірақ егер осы қасиеттердің қайсысы біздің мемлекетімізді жетілген ете түседі
деген мәселе туындаса, онда шешім қиын нәрсе болар еді: Үкімет басқарушылары мен
оған бағынушыларда пікір бірлігі бола ма, әлде сарбаздардың нені қауіпті немесе
қауіпті емес екендігі туралы заңды сақтай білуі, немесе биліктегілердің зерделілігі мен
қырағылығы ма? Әлде біздің мемлекетіміздің жетілгендігіне қызмет ететінге, әйел де,
құл да, қолөнерші де, ерікті де, билік иесінде де және бағыныштыларда да кездесетін
дүниені атауға бола ма? Оған: бөтен ешкімнің ісіне араласпай әркім өз ісімен
айналысуы жатады.
Әрине, оны шешу қиын.
Байқағанымыздай мемлекетті жетілдіру мәселесінде әрбір азаматтың өз ісімен
айналысу қабілеті данагөйлікпен, парасаттылықпен және ер жүректілікпен бәсекеге
түсетіндей.
Тіптен, ол өте байқалады.
Әділеттілік олармен мемлекетті жетілдіру үшін күреседі деп пайымдамайсың ба?
Әрине.
Мынаны да қарастыр — бірақ, онымен келісесің бе, білмеймін: сот істерін сен
мемлекет басшыларына тапсырмайсың ба?
Басқаша қалай ?
Ал соттық қарастыру барысында олардың барлық ынтасы ешкім басқаның
ешнәрсесін тартып алмасын және өзінікінен айырылып қалмасын деуге бағытталмай
ма?
Жоқ, әрине соған.
Өйткені, ол әділеттілік қой?
Иә.
Яғни, бұл мысалдан байқағанымыз әділеттілік әркім өзінікіне ие болып, соны
жүзеге асыру екен.
Иә, ол солай.
Бірақ, сен менімен мынаған келісесің бе: егер ұста етікшінің жұмысын істегісі
келсе, ал етікші құралдары мен атағын ауыстырып ұстаның ісін атқарса, немесе бір
адам екі жұмысты атқарып, шеберлер орындарын ауыстырса, онда мемлекетке үлкен
нұқсан келе ме?
Өте үлкен емес.
Бірақ, қолөнерші немесе басқа біреу, өз табиғаты бойынша саудаға бейім кісі өз
байлығы арқасында, байланысы мен күшін пайдаланып сарбаздар сословиесіне өтуге