180
Иә, байқаймын.
Яғни, егер рақаттанулар мен ындындарды және өзін-өзі жеңген әйтеуір бір
мемлекеті мойындауымыз керек болса, онда ол біздің мемлекет болады.
Дұрыс айтасыз.
Осының бәріне келісе отырып, оны парасатты деп атауға болмайды ма?
Толығымен болады!
Осыған қоса айтатын болсақ, онда егер қандай да бір мемлекетте басқарушылар
мен оларға бағыныштылар кімнің басқаруы туралы келісімді пікір бар десеңіз — ол
біздің мемлекетте бар. Әлде сен онымен келіспеймісің?
Толығымен және талассыз келісемін.
Егер жағдай осындай болса, онда қайсысында парасаттылық бар деп ойлайсың —
басқарушыларда ма, әлде бағынушыларда ма?
Екеуінде де бар сияқты.
Көрдің бе біз жақында дұрыс болжап білдік — парасаттылық үйлесімділік сияқты.
Не айтпақшысың?
Ол жүректілік пен даналықтары сияқты емес: олар мемлекеттің бір бөлігі бола тұра
мемлекетті толығымен не ержүректі, немесе дана етеді; парасаттылық мемлекетте олай
байқалмайды: ол өзінің ыңғайына бәрін көндіреді; ол өзінің барлық шектері арқасында
олардың әлсіз немесе күшті тартылғанына қарамай бір-бірімен үндесе ойнатады,
тіптен, зерденің көмегімен, күшпен, тіптен, санмен және байлықпен және т.с.с. Сөйтіп,
осы келісім мен парасаттылық, басқаша айтқанда, мемлекет пен жеке адамды
басқарудағы жақсы мен жаманның табиғи үндестігін көрсетеді.
Мен де сол пікірдемін.
Жақсы. Біз өзіміздің мемлекетіміздің бұл үш қасиетін қарастырдық.
Қарастырылмаған біреуі арқылы мемлекет қайырымдылыққа жақындай түседі. Бұл
әділеттілік екені анық.
Анық.
Енді, Главкон, біз аңшылар сияқты қалың шатқалды қоршап алғандай тұрайық та,
әділеттіліктің бізден қашып кетпеуін бақылайық. Әйтпесе, ол бізден қашып кетеді де,
бізге қайтадан бәрі түсініксіз болып қалады. Ол осы жерде жасырынып жүргендей: сен
оны байқауға тырыс, ал егер бірінші болып көретін болсаң, онда маған көрсет.
Егер ол менің қолымнан келсе! Одан да сенің көрсетуіңмен саған ергенім жақсы —
міне мен соған көбірек жараймын.
Онда дұғаңды оқып, менімен бірге ілес.
Мен солай істеймін, ал сен мені ілестір.
Бұл жер адам өте алмайтын қалың шатқал екені рас қой, айнала қараңғы және не
бар екенін барлау өте қиын. Бірақ бәрібір алға жылжу керек.
Иә, алға жылжимыз! Кенеттен бір нәрсені байқап, мен "Ей, Главкон, қандай
қуаныш! Біз ізге түстік, ол бізден алысқа ұзап кеткен жоқ!" деп айқайлап жібердім.
Ізгі хабарлар, — деді Главкон.
Дегенмен біз қандай аңқаумыз!
Ол қалай?
Қадірлім менің, ол біздің аяғымыздың астыңда айналып жүр, ал біз оған
қарамаймыз — күлкілі-ақ. Ол кезде адамның қолындағысын іздегенмен бірдей: ал біз
болсақ бұнда қарамай алысқа қарадық, бір жерге ол бізден жасырынып қалғандай.
Ол қалай дейсің?
Ол былай: меніңше, біз өзіміздің әңгімелерімізде өз-өзімізді түсінбедік, яғни біз
әділеттілік туралы сөйлеп жатқанымызды өзіміз түсінбедік.
Кіріспе сөз өте ұзақ, не екенін білуге шыдам жетпей отыр.