Page 179 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

179
Нағыз шындық.
Яғни мен сенің ержүректік туралы түсініктеріңмен келісемін.
Толық түсіністік болу үшін ержүректікті азаматтық қасиет деп айтулармен де келіс.
Келесіде егер қажет болса біз бұның бәрін жақсырақ қарастырамыз, қазір біздің
ізденістеріміз ержүректікке емес әділеттілікке бағытталған. Ержүректік туралы,
меніңше, әзірге жеткілікті сияқты.
Тамаша, — деді Главкон.
Біздің мемлекетіміздің екі қасиетін қарастыру қалды: парасаттылық және біздің
зерттеулеріміздің негізі — әділеттілік.
Иә, әрине.
Парасаттылық туралы одан әрі әуре болмау үшін біз әділеттілік деген не екенін
тезірек тапсақ қой.
Мен білмеймін, бірақ біз парасаттылық дегеннің не екенін қарастырмай жатып
әділеттіліктің не екенін анықтамас едім. Егер маған жақсы нәрсе жасағың келсе, онда
соны алдымен қарастыр.
Мен соны қалаймын, тіптен, міндеттімін, егер қателеспесем.
Онда баста.
Иә, әрине. Парасаттылық, біздің көзқарасымыз бойынша, алдындағы қасиеттерге
қарағанда үндестік пен үйлесімділікке сәйкес келеді.
Ол қалай?
Тәртіпке сәйкес келеді — міне, парасаттылық деген сол; бұл белгілі бір рақаттану
мен ындынға деген билік — ол қалай екенін білмеймін, "өзін-өзі жеңе білу" дегенді
ойға келтірмей ме осындайда. Басқа да көптеген нәрселер жөнінде де бұл
парасаттылықтың ізі деп айтады. Солай емес пе?
Дәл солай.
"Өзін-өзі жеңе білу" деген күлкілі емес пе? Сөйтіп, адам өзіне жол беретінді
жеңеді, жол беруші жеңуші де болады: өйткені, әңгіме бір адам туралы болып жатыр
емес пе?
Әрине.
Бірақ, бұл тұжырымдармен бір адамның өзінің жанында жақсы мен жаман
бөліктері бар дегенді айтпақшы сияқты және табиғаты бойынша жақсы жағы нашарлау
жағын жеңетін жағдайда "өзін-өзі жеңе біледі" дейді: яғни бұл мақтау; тәрбие мен
қоғамның оңбағандығынан жаман жағы (ондай көп емес пе, жақсы жан азырақ)
көбірек болатын болса, онда оны айыптай, кінәлай отырып, "өз-өзіне жол беруші" деп
атайды.
Әдетте солай деп атайды.
Енді біздің жаңа мемлекетімізге қара, сонда сен одан екі жағдайдың бірін табасың:
сен өзін-өзі жеңген деп жариялауға болатын мемлекет дегеніміз не дейсің, өйткені,
жаманын басқаратын жақсылардың барлығын парасатты және өзін-өзі жеңе білетін
деп атауға болады.
Сенің дұрыс айтып тұрғаныңды көріп тұрмын.
Көптеген әр қилылығы бар ындындар, рақаттанулар мен қиналуларды әйелдер мен
үй малайларынан оңай байқауға болады, ал, енді өзін еркін адамдармыз дейтіндердің
арасында — көпшіліктің өкілдерінде жиі кездеседі.
Әрине.
Ал қарапайымдыларды, зерденің және дұрыс пікірдің арқасында өмір сүретін
байыптыларды, табиғаты мен тәрбиесі бойынша озаттарды сен азынан кездестіресің.
Бұл анық.
Сен соны біздің мемлекетте де байқамайсың ба: көпшіліктің бейшара ындыны
азшылықтың, яғни тәртіпті адамдардың зерделі қалауына бағынады.