Page 18 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

18
деп айыптаумен бірдей емес пе? Ал мен құдайларды мені айыптаушылардың қайсысынан
болса да артық мойындаймын, һәм сіздер мен құдайға өз ісімді ақ жолмен шешуді
тапсырамын, мен үшінде, сіздер үшінде ең жақсысы сол.
Сократты айыпты деп шешім қабылданғаннан кейін
Болған іске — мені айыптағандарыңызға ыза болып, ашулануға маған көп нәрселер жол
бермейді. Ол мен үшін күтпеген жай да емес еді. Одан да көрі мені қарама-қарсы
дауыстардың сан жағынан айырмасының аздығы таңдандырады. Маған қарсылардың сан
жағынан артықтығы азғантай - ақ екен. Отыз тас бүл жағына емес, ана жағына түскен
болса, мен ақталған болар едім. Мелеттен мен кәзірдің өзінде құтылдым, егер Анит пен
Ликон мені айыптап сөйлемесе, Мелеттің дауыстардың бесінші бөлігін ала алмай, мың
драхма төлеуге мәжбүр болатындығы әркімге - ақ аян ғой.
Бүл кісі мені өлім жазасына кесуді талап етеді. Мейлі. Ал мен өзіме нендей үкім шығарар
едім? Маған не нәрсе лайық? Өмір бойы тыныштық таппай, басқалар сияқты өзіне
пайдалы істермен әскери лауазымдармен, басқару істерімен, Халық мәжілісіндегі
сөздермен, саяси бүліктер және көтерілістермен айналыспай, — өйткені бүкпесіз
шындықты айтатын мен онда әлдеқашан мерт болған болар едім — бәріңе ең үлкен пайда
келтірдім, өйткені әркімді жүзбе-жүз ақиқатқа көзін жеткізу, дұрыс жолға бағыштау,
меніңше, солай деп ойлаймын. Мен әрқайсыңа: жағдайыңды жақсартудан бұрын өзіңді
жақсарт, қаланың істерін жақсартудан бұрын қаланың өзін жақсарт деумен болдым.
Өйткені өзің жақсармай тұрып ісің жақсармайды. Осындай адамға сонымен не лайық?
Әрине, бір тәуір нәрсе! Ал қалаға еңбегі сіңген, бірақ өзіне ешбір пайда таппаған жарлы
адамға, әрі сіздерге өсиет айтуға бос уақыты болуы үшін ең алдымен не жетпейді? Ондай
адамға ең дұрысы — Пританеяда тегін ас ішу. Олимпиялық ойындарда жеңіске
жеткендерден, ат шабыстарда, ат жеккен жеңіл арбалармен жарысқанда озғандардан көрі
ол маған дұрыс, олардың сіздерге келтіретіні жалған бақыт, ал менікі — шын бақыт,
оларды асыраудың қажеті жоқ, ал мен асырауға мұқтажбын. Нағыз әділетімен шешсек,
меніңше, ең дұрыс үкім осы — маған Пританеяда қонақасы беріп тұру.
Бәлкім, бұл сөзім де сіздерге астамшылық болып көрінер. Бірақ, олай емес, афиналықтар.
Мен былай ойлаймын: ешбір адамды әдейі жәбірлемеймін, бірақ оған сіздерді иландыра
алмай тұрмын, себебі біз тым аз сұхбаттастық. Басқалардағыдай сіздерде де өлім
жазасына кесуге бір күн емес, бірнеше күн берілетін болса, дұрыс болар еді. Аз уақытта
тағылған ауыр айыптардан өзіңді аршып алу оңай емес. Сонымен, ешкімді
жәбірлемегендігімді біле тұрып, мен, әрине, өзімді де жәбірлегім келмейді, өзіме өзім
жала жауып, өзіме өзім негізсіз жаза бере алмаймын. Не үшін? Мелеттің талап еткен
қазасынан қорқып па? Мен бірақ, өлімнің жақсы нәрсе ме, жаман нәрсе ме — соны да
білмейтінімді айттым ғой. Әлде өзімді бір жаман жазаға кесуім керек пе? Мысалы,
түрмеде қамауға. Бірақ, әрқашан қайтадан сайланып тұратын он бір адамның мен неге
құлы болуым керек? Немесе айыппұл төлеуге ме? Ол бірақ мен үшін бәрібір мәңгілік
қамауда болумен бірдей, себебі менде төлейтін ақша жоқ. Мүмкін, мені қаладан аластап
қууға ма? Мұндай үкімге сіздер бәлкім, қуана келісер ме едіңіздер. Онда мен тірі жүргенді
бәрінен де соншалықты артық санауым керек қой. Егер менің сөздеріме, сұхбаттарыма
сіздер соншалықты төзбейтін болсаңыздар, менің отандастарым, оны басқа
жұртшылықтың адамдары қалай төзеді? Олар да мені қуар еді? Сөйтіп осы жасымда үнемі
кезбелік тіршілікте жүрер едім? Басқа жұрттың жастары да мені соншалықты әуестікпен
тыңдар еді деп ойлаймын. Ал егер, мен оларды әңгімемді тыңдатпай қуар болсам, олар
өздері әкелеріне айтып мені қуып жіберер еді.