178
Иә, кімде қандай білім бар және кім сол бойынша аталатындардың бәрімен
сақшылардың саны бәрінен кемірек болады.
Иә, әлде қайда аз.
Яғни, тұрғындардың басшылықтағы кішкене бөлігінің басқаруы және білім
арқасында табиғатқа сәйкес қалыптасқан мемлекет толығымен дана болар еді. Бұл
білімдерге ие болуға сәйкес келетін адамдар табиғатынан өте аз болатын сияқты. Дана
деген атқа білімнің басқа түрлерінің ішінен тек біреуі ғана лайықты.
Сен толығымен дұрыс айтасың.
Сөйтіп, біз қалай екенін білмеймін, әйтеуір, біздің мемлекетіміздің төрт қасиетінің
біреуін таптық және оның мемлекеттегі орнын анықтадық.
Меніңше, біз оны жеткілікті түрде түсіндірген сияқтымыз.
Ал ержүректікке келетін болсақ, онда ол не, және оның мемлекеттегі орны қандай
(неліктен мемлекетті ержүректі деп атайды) — оны байқау қиын емес.
Атап айтқанда?
Мемлекетті именшек немесе ержүректі деп атарда сол мемлекет үшін соғысты,
шайқасып жатқан азаматтардан басқаға кім назар аударар еді?
Ешкім басқа ешнәрсеге қарамас еді.
Басқа азаматтарына қарап, олар қорқақ немесе ержүрек болды екен деп мемлекет те
сондай екен деген тұжырымды келтіруге болмайды.
Болмайды.
Ержүрек мемлекет өзінің бір бөлігі арқылы анықталады, сол өзінің бөлігінде заң
шығарушы тәрбие арқылы сендірген қауіп туралы пікірден қорғайтын күш болады.
Міне, соны ержүректіліктік деп атамаймыз ба?
Сенің айтқаныңды толық түсіне алмадым. Қайталап көрші.
Ержүректікті мен бұзылмаушылық деп есептеймін.
Ол қандай бұзылмаушылық?
Қауіп туралы белгілі бір пікірдің бұзылмай сақталуын атаймын. Ол пікір заңның
тәрбиеленуші әсерінен қалыптасады. Менің айтарым ол сақталады, яғни адам оны
қиналғанда да, рақаттанғанда да, қорыққанда да сақтайды және одан бас тартпайды.
Ол немен ұқсас? Мен егер саған қажет болса ұқсастыру арқылы түсіндіріп берер едім.
Әрине, қажет етемін.
Өзің білетіндей бояушылар жүнді қара қошқыл түске бояу үшін алдымен көптеген
алуан түсті бояулардан ақ түсті таңдайды. Сосын оны әр түрлі тәсілдер мен қара
қошқыл түске айналдырады да сосын бояйды. Осындай жолмен боялған жүн содан
кейін оңып кетпейді және кір жуған кезде оның түсіне әсер етпейді. Басқа жағдайда не
болатынын өзің білесің егер ол осы түске немесе басқа түске алдын ала дайындықсыз
боялатын болса.
Білемін, оның бояуы тұрақты емес және күлкілі болып көрінеді.
Міне, соған ұқсас нәрсені біз шамамыз келгенше тандап алған сарбаздарымызды
мусикалық өнер мен гимнастика арқылы тәрбиелеген кезде жасаймыз. Біз олардың
заңдарды барынша жақсырақ қабылдағанын (бояу сияқты) қалағаннан басқа ешқандай
мақсат қоймаймыз: олардың қауіп туралы және басқалар туралы пікірлері тиісті тәрбие
арқылы және табиғи қасиеттері арқылы нығая түседі; ешқандай қышқылмен жуып
жіберу мүмкін емес — халестрийлік соқар мен күлден де күштірек әсер ететін
рақаттанумен де, қайғымен де, қорқынышпен де, құмарлықпен де, жалпы ешқандай
нәрсемен. Осындай күшті, не қауіпті және қауіпті емес туралы үнемі дұрыс және
заңды пікірді сақтап қалуды егер сен қарсы болмасаң мен ержүректік деп атаймын.
Мен оған қарсы емеспін, өйткені, бұл нәрсе туралы пікір, меніңше, тәрбиеден тыс
пайда болды. Ол хайуандар мен құлдардан байқалады. Оларды заңды деп есептемейсің
бе, оларды басқаша атап, ержүректікке жатқызбайсың ғой?