Page 177 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

177
үміттенемін: бұл мемлекет дұрыс қалыптасқандықтан, жетілген болуы керек,—
Міндетті түрде.
Идеалды мемлекеттің төрт ізгіліктілігі
Оның данагөй, ержүрек, парасатты және әділетті екені анық.
Анық.
Яғни, біз тапқан нәрсе бар болған жағдайда, тек қалып қойған нәрсе табылмайды
ма?
Нені айтып тұрсың?
Бұл біз төрт нәрсенің ішінен біреуін іздейтін жағдайдағыдай нәрсе: оның не екенін
алдын-ала білген жеткілікті, немесе алдын-ала басқа үш заттың не екенін білу керек;
сөйтіп, біз іздеген нәрсемізді табамыз, өйткені, қалған дүние сол болады.
Сен дұрыс айтып тұрсың.
Яғни, біздің сұрағымызда мемлекетіміз төрт қасиетке ие болғандықтан ізденістерді
осылай жүргізу керек.
Сірә, солай.
Алдымен, менің ойымша, оның даналығы анық байқалып отыр. Дегенмен оның
кейбір жағы оғаштау көрінеді.
Неге?
Біз қарастырған мемлекет шынымен де дана болып көрінеді, өйткені, онда көңілге
қонымды шешімдер қабылдануда. Солай емес пе?
Иә.
Дегенмен бұл көңілге қонымды шешімдер білімнің бір түрі, бұл жерде қараңғылық
көмектеспейді, жақсы ойлай білу керек.
Анық солай.
Ал мемлекетте көптеген әртүрлі білімдерді кездестіруге болады.
Әрине.
Қалайша ұсталық білімді білу арқылы мемлекеті дана және көңілге қонымды
шешімдер қабылдайтын деуге болады.
Әрине, жоқ.
Мыстан және басқа да осындай өнімдердің болғанын қалайсыз ба?
Оның бәрінің ешқандай қатысы жоқ.
Жер өнімдерін жинауды қолдамаймын, өйтпесе мемлекетті егіншілікпен
айналысатын деуге болар еді.
Маған да солай көрінеді.
Біздің жаңа құрылған мемлекетімізде азаматтардың кейбіреуінде ішкі және сыртқы
қатынастарды тиімді басқара отырып, ұзақ емес күйде жалпы мемлекеттік мәселелерді
шешуге көмектесетін кейбір білім бар ма екен?
Иә, бар.
Ол қандай және кімде?
Бұл барлық уақытта сақшылықта тұру өнері. Біз жақында жетілген сақшылар деп
атаған үкімет басшылары оны иемденген.
Осындай білім бар болғандықтан, біздің мемлекет туралы не айтасың?
Онда көңілге қонымды шешімдер қабылдануда және ол шынайы даналықпен
ерекшеленеді.
Ал, сен қалай деп есептейсің, біздің мемлекетте ұсталар ма, әлде осы шынайы
сақшылар көп пе?
Ұсталар әлде қайда көп.