Page 176 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

176
мемлекеттік құрылымды өзгертуге тыйым салынған және ол үшін өлім жазасына
кесілетін, нашар басқарылатын мемлекеттерде болып жатқан жоқ па? Ал осындай
басқарудың қарамағындағы болып, азаматтарға ұнағысы келсе, онда олардың
тілектерін орындауға тырысады, олардың алдында жарамсақтанады, яғни үлкен
істерде дана, жақсы адам болуға тырысады, сондықтан азаматтар оған құрмет
көрсетеді;
Меніңше, мұндай мемлекет жоғарыда айтып өткен аурулар сияқты ғой, ал мен оны
ешқандай қолдай алмаймын.
Осындай мемлекеттерге барлық ынтамен қызмет етуге дайын батылдығы мен
пысықтығы таң қалдырмай ма?
Таң қалдырады, бірақ мен осындай мемлекеттерге алданып жүргендерге және
тобыр оны мақтады екен деп нағыз мемлекет қайраткерімін деп жүргендерге бөлек
қараймын.
Қалай дейсің? Сен олармен келіспейсің бе? Әлде, сеніңше, егер адам өлшей
алмайтын болса, ал сондай өлшем қолынан келмейтін көптеген адам оның бойы төрт
қарыс десе, ол басқаша ойлау қолынан келер ме еді?
Ол мүмкін емес.
Оларға өкпелеме. Ондай заң шығарушылар бәрінен қызықты: біз қазір ғана
айтқандай, істердегі теріс пайдалануларға шек қою үшін, өздерінің заңдарына үнемі
түзетпелер енгізумен болады, бірақ мен жаңа айтып өткендей, жеті басты айдаһардың
басын кескен адамдарға ұқсайтынына есеп бермейді.
Бұл дұрыс, олар одан басқа ешнәрсе істемейді.
Сөйтіп, менің есептеуімше жаманды, жақсылы орныққан мемлекетте нағыз заң
шығарушы мұндай заңдар жөнінде әуре болып керегі жоқ, өйткені, алдымен олар
пайдасыз және ешнәрсеге керегі жоқ, екіншіден олардың кейбіреуін кез келген адам
орнықтырады, ал қалғандары бұрынғы үйренген әдеттерден туындайды.
Заң шығару саласы бойынша тағы не қалды? — деп сұрады Адимант.
Сонда мен айттым:
Бізде ешнәрсе емес, ал Дельфалық Аполлонда керемет, тамаша заң ережесі бар.
Ол қандай?
Ғибадатханаларды салу, құрбандық беру, құдайларды, даналарды және батырларды
құрметтеу бойынша, көптеген басқа нәрселерге арналған; сонымен қатар қайтыс
болғандарды жерлеу және Аидтағыларды өзіңе оң қаратуға арналған. Мұндай нәрселер
бізге белгісіз, бірақ біз мемлекеттің негізін сала отырып ешкімге сенбейміз, егер бізде
ақыл болатын болса, онда отандас жетекшілерден басқа ешкімге арқа сүйемейміз:
өйткені, барлық адамдардың отандық үйретушісі — мұндай нәрселерде құдайдың өзі
ол Жердің кіндігіне орнығып алып жұртқа бәрін үйретеді.
Тамаша айтылды! Солай істейміз.
Әрі қарай, Аристон баласы, мемлекеттің негізі сенде қаланды деп есептейік. Содан
кейін қолыңа барынша жарық шырақты алып дұрыстап қара, өз бауырыңды, сосын
Полемархты және бәрін шақырып көр. Бізге қай жерде әділеттілік, қай жерде
әділетсіздік бар, олардың арасындағы айырмашылық қандай және адам бақытты болу
үшін қайсысын иемденуі керек екенін барлық құдайлар мен адамдардан жасырынса да,
жасырынбаса да көруге бола ма екен.
Сандырақ, — деді Главкон, — кез келген тәсілмен, қолдан келгенше әділеттілікке
көмекке келмей сен жағыңнан таупықсыздық деп осындай зерттеу жүргізуге уәде
берген едің ғой.
Сен жақсы еске түсірдің, — дедім мен, — солай істеу керек, бірақ сіздер маған
көмектесулеріңіз керек,— Әрине, біз дайынбыз,— Мен жауапты былай табамын деп