Page 175 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

175
қарсы үнемі ұлғайып, барлық нәрселерден байқалады, тіптен, мемлекеттік құрылымда
бірнәрсе дұрыс болмаса ол соны өңдеуден де көрінеді.
Бұл дұрыс.
Барлық ұсақ-түйек деп есептелетіндердің өзінен олар мінез-құлық қалыптарын
табады; ал енді біз басында айтып кеткендеріміздің бұл біліктілігі толығымен
жойылған.
Ол қандай қалыптар?
Төмендегідей: кішілер үлкендер тұрғанда сөйлемеуі керек, оларға орын беруі, олар
бар кезде түрегелуі, ата-ананы құрметтеуі тиіс, сосын сыртқы келбетке байланыстылар
келеді: шаш қою, киім, аяқ киім және т.б. Әлде сен келіспейсің бе?
Келісемін.
Бірақ, мұның бәрін заңмен анықтаудың қажеті жоқ сияқты: ондай еш жерде жоқ,
олар, тіптен, жазбаша көрсетілсе де мұндай қаулылар ұзақ сақталмайды.
Неге?
Кім қай бағытта тәрбиеленсе, Адимант, оның болашақ жолы да сондай болар деген
ойдамын. Әлде, сеніңше, ұқсас нәрсе ұқсас нәрседен туындамай ма?
Басқа қалайша?
Менің ойымша да, — тәрбиеден түбінде нақты және анық нәтиже туындайды дер
едік: немесе игілік, немесе оның қарама-қарсылығы.
Әрине.
Осы себептен мен өзім бұл салада заңдарды анықтауға ұмтылмас едім.
Дәл айтасыз.
Бірақ құдай үшін маған айтшы, біз базарға байланысты, яғни онда жасалатын
келісімдер, қолөнершілер арасындағы қатынастар, айқай-шу, төбелес, сотқа беру,
соттарды тағайындау бойынша заңдарды анықтауға батылымыз жете ме? Онымен қоса
базардағы, гаваньдағы, яғни нарықтық, қалалық, порттық және соған ұқсас істер
бойынша салықтарды анықтау мен жинау қажет.
Кім өте жақсы тәрбие алса, біз оларға нұсқау бермейміз: олар көп жағдайда
қиналмай-ақ бұл жерде қандай заңдар керек екенін түсінеді.
Иә, менің досым, бұл солай, егер құдай оларға біз алдында қарастырған заңдарды
сақтауға көмектессе.
Ал егер олай болмаса, онда олардың барлық өмірі көптеген заң шығарумен,
кемелденуге жетеміз деп оларға түзетпелерді өткізумен өтеді.
Сенің сөзің бойынша, олардың өмірі бейбастығынан өздерінің ақымақ өмір салтын
тастамайтын аурулар сияқты ғой.
Міне, соны айтам.
Олардың уақыт өткізуі де қызық: емделіп жүріп, өздерінің ауруларын әртүрлі және
күштірек ете түседі, бірақ жаңа дәріге кеңес бергенде үнемі сол арқылы тәуір болып
кеткісі келеді.
Шынымен де, осындай аурулардың жағдайы дәл осылай.
Әрі қарай. Оларда мынау қызықты емес пе: олар өздеріне шындықты айтқанды
жауы деп есептейді, ал енді олар маскүнемдікті, тамақсаулықты, нәпсіқұмарлықты,
бойкүйездікке берілуді қоймаса оларға дәрі де, күйдіру де, жырық жасау да, оқыту да,
тұмар да және т.б. көмектеспейді.
Бірақ бұлар қызықты емес: егер жөнді нұсқаулар ашуын келтіретін болса, оның
несі қызықты?
Сен мұндай адамдарды мадақтауға бейім емес сияқтысың.
Жоқ, Зевс атымен ант етемін.
Яғни, сен біз жақында айтқандай осындайлармен толығымен айналысатын
мемлекеттің түрін мадақтап, қолдамайсың. Әлде дәл осындай жағдай азаматтардың