174
Бұл міндет жоғарыдан да қарапайымдау.
Құрметті менің Адимантым, мүмкін біреулер біздің талаптарымызды өте көп және
сақшыларға жоғары деп есептеуі ғажап емес. Егер олар бір ұлы істі немесе ұлы
болмаса да, жеткілікті істі жақтайтын болса, онда бұның бәрі жәй нәрсе.
Ол қандай іс?
Идеалды мемлекеттегі дұрыс тәрбиенің, оқыту мен заңдардың рөлі
Оқыту мен тәрбие. Егер жақсы оқытудың арқасында сақшылар орташа адамға
айналатын болса, онда олар қиналмай-ақ мұны түсініп алады, сонымен қатар қазір біз
айтпай отырған нәрселерді де, мысалы: өзіне жар табу мен неке және бала сүюде.
Әрине, мұның бәрін "Достарда барлығы ортақ" деген мақалмен келістіру керек.
Бұл дұрыс болар еді.
Иә, шынымен де, мемлекеттік құрылымға бірінші түрткіні жасау керек, сонда ол
дөңгелек сияқты алға күш алып, өзі жылжи түседі. Дұрыс тәрбие мен оқыту адамдағы
жақсы табиғи қабілеттерді оятады, ал олар біреулерде осындай тәрбиенің арқасында
бар болатын болса, онда олар одан сайын жақсы бола түседі және жалпы барлық
тіршілік иелерінде байқалатындай ұрпаққа оларды беру мәселесінде көрініс береді.
Бұл әдеттегідей табиғи нәрсе.
Қысқасы, кім мемлекетті сақтағысы келсе, онда ол барлық оның бүлінулерінің
назардан тыс қалмауы үшін барынша тырысады, алдымен гимнастикалық және
мусикалық өнердегі тәртіпті бұзатын жаңалықтардан мемлекетті қорғау керек. "Ән
айтуда адамдар әншілердің жақында айтқанын, ең жаңасын қадірлейді", — деген
сілтеме жасағанда мынандай ерекшеліктен қауіптену керек: ақын інінің жаңа мазмұны
жөнінде айтып тұрған жоқ, ол шырқаудың жаңа нақышын көрсетіп жатыр деген ой
туындап қалуы мүмкін. Міне осыны қолдайды. Дегенмен мұндай нәрсені қолдауға
болмайды, осындай күйде жырды түсінуге болмайды. Мусикалық өнердің жаңа түрін
енгізуден қауіптену керек — бұл жерде бәрін тәуекел етуге болады: әрине,
мемлекеттік ең маңызды заңдардағы өзгерістер болмаса мусикалық өнердегі
тәсілдерде өзгерістерін жерде болмайды, деп Дамон тұжырымдайды, ал мен оған
сенемін.
Мені де оған сенетіндерге қосып қой, — деді Адимант.
Міне осы жерде біздің сақшылар өздерінің мусикалық өнер бойынша сақшылық
орнын анықтау керек.
Шынымен де, осы жерге заңды бұзу оңай және байқатпай еніп кетеді.
Иә, залалсыз ермек түрінде.
Шын мәнінде заңды бұзу аз-аздап ене отырып, біртіндеп үлкен зиянкестік жасайды.
Ол әдет-ғүрыпқа бойлайды, одан әрі қарай үлкен шамаға ауысады, азаматтардың істік
өзара қарым-қатынасына жайылады және тіптен заңдардың өзіне және мемлекеттік
құрылымға ауыз салады. Сократ, есінде болсын, ол барынша арнайы түрде қоғамдық
және жеке өмірдегілерді түбінде астан-кестен етеді.
Істің осылай екендігін мойындаймын.
Меніңше, иә.
Сондықтан, біз басында айтқандай біздің балаларымыздың ойындарының өзі
заңдарға барынша сәйкес келуі керек, өйткені, олар тәртіпсіз және ережені
сақтамайтын болса, онда олардан заңды құрметті, байсалды азаматтарды тәрбиелеп
шығу мүмкін емес.
Әрине.
Егер балалар басынан бастап дұрыс ойнайтын болса, онда мусикалық өнердің
арқасында заңдылыққа үйренісіп кетеді және бұл әдеттер басқа балаларға қарама-