Page 173 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

173
Бірақ бай адамдарда әскери істен гөрі жұдырықтасуда қабілеті мен тәжірибесі
көбірек деп есептемейсің бе?
Есептеймін.
Сондықтан, біздің әскери істің білгірлері екі, тіптен, үш есе көп қарсыластармен
шайқасуға қабілетті.
Сені мойындаймын. Меніңше, сен дұрыс айтып тұрсың.
Әрі қарай. Егер басқа елге елшілік жіберіп, шындықты айтса, яғни: "Біз алтынды
да, күмісті де қолданбаймыз — бізде ондай мүмкіндік жоқ, бірақ сіздерге маңыздысы
болады ғой. Сөйтіп, егер сіздер бізбен одақ құрып соғысатын болсаңыздар, бізге тиісті
бөлігі сіздерге беріледі", — өзің ойлап көрші мықты, ысылып тұрған иттерге қарсы кім
шығуды қалайды, одан да олармен біріге, семіз, бос денелі қойларға қарсы шықпай ма?
Артық көрмейді деп ойлаймын. Ал егер басқа елдердің байлығы олардың біреуінде
қордаланатын болса, байлығы жоқ мемлекетке қауіпті емес пе?
Егер біз негізін қалып жатқан елден басқа біреуін мемлекет деген атқа лайықты деп
есептесең, онда сен бақыттысың.
Неге?
Қалғандарының бәрінде аты ұзынырақ болу керек, өйткені әрқайсысы бірнеше
мемлекетті білдіреді, ойыншылар айтқандай "қала" емес. Қалай десек те, оларда бір-
бірімен жауласқан екі мемлекет бар: біреу — кедейлердікі, екіншісі — байлардікі,
олардың әрқайсысында бірнеше мемлекеттер бар, сондықтан біртұтас дүние екен деп
ойласақ мүлт кетесің. Егер сен оларға бірнешеу деп санап, бір азаматтардың ақша
қаражаттары мен билігін екіншісіне беретін болсақ немесе олардың өзін бір топтан
екінші топқа өткізсең, онда сен өзіңе әрқашанда одақтастарды табасың, ал
қарсыластарың азырақ болады. Біз жақында қабылдаған қаулымызда әзірге мемлекет
парасатты түрде басқарылып тұрғанда оның күші орасан зор болады дедік; мен сыртқа
көрсету үшін ғана емес, мемлекетті бір мың ғана сарбаз қорғағанның өзіндегі шынайы
күшін айтып отырмын. Эллиндердің ішінде де, варварлардың ішінде де осындай
мағынадағы ұлылықтағы бір мемлекетті табу қиын. Бірақ ұлымыз деп есептейтіндер
көптеп саналады және олар біздің мемлекетімізден ірірек. Әлде сен басқаша ойлайсың
ба?
Жоқ, Зевс атынан ант етемін.
Идеалды мемлекеттің көлемі
Яғни осылар біздің үкімет басшылары үшін құрып жатқан мемлекеттерінің қажетті
өлшеміне айналар еді, артығына ұмтылмай соған орай оның көлеміне сәйкес керек
жерлерді анықтайды.
Қандай шама туралы айтып тұрсың?
Меніңше, ол мынандай: мемлекетті біртұтас болған шамаға дейін ғана ұлғайтуға
болады, бірақ одан артық емес.
Тамаша.
Яғни, біз өзіміздің сақшыларымызға мынандай тапсырма береміз: біздің
мемлекетіміздің өте кішкентай, немесе өте үлкен болмауын барынша қадағалау керек.
Ол жеткілікті және біртұтас болуға тиісті.
Біз оларға жеңіл тапсырма бердік қой?
Жоғарыда біз айтып өткендер одан сайын жеңілірек болады, егер сақшылардың
ұрпағы сәтсіз дүниеге келетін болса, басқа сословиелерді өткізу керек, басқа
сословиялардың лайықты адамдарын сақшылар қатарына қосу керек. Бұнымен біздің
айтпағымыз, басқа азаматтардың әрқайсысын олардың қабілетіне қарай іске тартатын
болсақ, онда әрқайсысы көп жақтылықты емес бірлікті білдіреді: мемлекет түгелдей
бірлікте болады, шашыраңқылық болмас еді.